Бизнесін қыспаққа алған ел ұлттық валютасын құлдыратып алды
Бизнесін қыспаққа алған ел ұлттық валютасын құлдыратып алды
3 жыл бұрын 2372 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай мемлекеттік облигациясы мен юаны құнсызданып кетті – шетелдік қорлар осы елдегі активтерінен құтылғанша асық болып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл келеңсіз жайт қытай билігінің монополияға қарсы күрес науқанын желеу етіп, экономикадағы бірқатар секторды реттеу кезінде орын алып отыр. Ондаған жылдар бойы мемлекеттік облигация табысы жеті базалық тармақ бойынша, 2,94 пайызға өскен болатын. Қытайдың ұлттық валюта бағамы офшорлық нарықта 0,6 пайызға құлдырады, бұдан бөлек, биржалық индексі де төмендеп кетті. Гонконг пен Қытайда америкалық қорлар өз активтерін жаппай сатып жатыр, өйткені, АҚШ аталған аймақтарда инвестициясын шектейтін болып жатыр. Осылайша қытай нарығынан шетелдік капитал ығысып жатыр. Мұның бәрі Қытай билігінің, бұрын да айтып өткеніміздей, елдегі білім беру және технологиялық компанияларға қысымды күшейтуі түрткі болып отыр. Қытай билігінің өз бизнесіне жаудай тиюінің салдары сойқан: Bloomberg келтірген мәліметке қарағанда, 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында бірнеше миллиард шығын көрген. Шілде айының 26-ы күнгі Қытай мен Гонконгтағы биржаларда құнды қағаздар бағасының күрт құлдырап, бизнес үрейге бой алдырды. Тура мағынасында. Гонконгтағы Scholar Education Group акциясының жаппай сатылуы өз кезегінде құнды қағаздар бағасының 45 пайызға құлдырауына түрткі болған екен. New Oriental Education & Technology Group Inc акциялары 47 пайызға құлдыраған. CSI Education индексі соңғы 16 ай ішінде 9,61 пайызға төмендеген. Шанхай биржасының еркін индексі де оңып тұрған жоқ – 2,34 пайызға, Шеншжен индексі 2,28 пайызға төмендеген. Refinitiv дерегі бойынша акциядан қаражаттың жылыстауы 1,4 млрд долларға жеткен. Гонконгтағы Hang Seng индексі де 4,13 пайызға, Hang Seng China Enterprises компаниясының индексі 4,92 пайызға құлдыраған. Meituan капиталының 13,76 пайызынан, Alibaba Group Holding — 6,38 пайызынан, Tencent Holdings — 7,72 пайызынан айырылды. Бұл технология саласындағы компанияларға қатысты көрсеткіштер. Жылжымайтын мүлік саласында да жағдай кері кетіп барады.

Ұқсас материалдар:

«Қытай билігінің қарқыны қатты – тағы бір индустрияны күйретуге кірісті» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-biliginin-qarqyny-qatty-tagy-bir-industriyany-kuiretuge-kiristi-15526/#gsc.tab=0);

«Мемлекеттік машина өз дегенін істейді: қытай компаниялары капиталының едәуір бөлігінен бас тартуға мәжбүр» (https://islam.kz/kk/news/alem/memlekettik-mashina-oz-degenin-isteidi-qytai-kompaniyalary-kapitalynyn-edauir-boliginen-bas-tartuga-majbur-15513/#gsc.tab=0); 

«Қытай билігі технологиялық компанияларға тағы бір майдан ашты» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-biligi-tehnologiyalyq-kompaniyalarga-tagy-bir-maidan-ashty-15459/#gsc.tab=0);

«Қытай билігі аса ірі интернет индустриясын жоюға кірісті» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-biligi-asa-iri-internet-industriyasyn-joyuga-kiristi-15334/#gsc.tab=0);

«Қытай билігі технологиялық компанияларға бақылауды күшейтетін заң забылдады» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-biligi-tehnologiyalyq-kompaniyalarga-baqylaudy-kusheitetin-zan-zabyldady-15358/#gsc.tab=0);

«Қытай билігі ел аумағындағы технология алыптарынан қорқайын деді» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-biligi-el-aumagyndagy-tehnologiya-alyptarynan-qorqaiyn-dedi-14408/#gsc.tab=0) 

 

0 пікір
Мұрағат