Биыл Түркия туризмнен қырауар табыс табады
|

Бүкіл әлемдік саяхат және туризм жөніндегі кеңестің (WTTC) болжамына сәйкес туризм саласы Түркия экономикасына 5,2 трлн лира (шамамен 135, 35млрд доллар) табыс әкеледі. Бұл көрсеткіш аталған елдің жалпы ішкі өнімінің 12%-н құрайтын болады. Бұл жайында islam.kz порталы mk-turkey ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. WTTC есебінде аталмыш сектор кірісі өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 5,2 млрд долларға артуы мүмкін. Бұған отандық та, халықаралық та туристер өз үлестерін қосатын болады. 2025 жылы шетелдіктердің Түркиядағы туристік шығындары 67,7 млрд долларға жетуі ықтимал, бұл тенденция Түркияның әлемдік аренадағы танымалдылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар, ішкі туризмнен 36,5 млрд доллар пайда көреді. WTTC баяндамадасында, сондай-ақ, биыл саяхат және туризм секторы бүкіл Түркия бойынша 3,3 млн жұмыс орнының ашылуына ықпал етпек. Бұл көрсеткіш жалпы жұмыспен қамтудың 10% -дан астамына тең. WTTC бас директоры 2025 жылы саяхат және туризмнің жаһандық секторының 6,7% -ға өсуі мүмкін екенін тілге тиек етті. Бұл пайыздық көрсеткішті нақты ақшаға шаққанда 11,7 трлн долларды құрамақ.




