Дропперлерге қылмыстық жауапкершілік енгізіледі
|

Ресей Федерациясының министрлер кабинеті дропперлерге қатысты қылмыстық жауапкершілік енгізу туралы заң жобасын мемлекеттік дума қарауына жіберді. Бұл жайында islam.kz плорталы Lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Заң жобасына қатысты бастама РФ Қылмыстық кодексінің 187 бабын («Төлем құралдарының заңсыз айналымы») кеңейтуге бағытталған. Аталмыш заң жобасында дропперлікпен көзге түскен адамға 300 мыңнан 1 млн рублге дейін айыппұл салу жазасы көзделген. Дроппер – банк картасын ұрланған ақшаны аудару немесе қолма-қол ақшаға айналдыру үшін пайдаланатын адамды айтады. Ол қылмыстың бастамашысы болмағандықтан бұрын жауапкершілік қарастырылмаған. Десе де белгілі бір ақыға алаяқтарға көмектесу арқылы қылмысқа қатысы бар тұлға ретінде танылады. Яғни, жең ұшынан жалғасқан сыбайлас қылмысқа қатысы бар тұлға ретінде танылады.




