Арабтар ұлттық валютамен кепілдендірілген криптовалютаны қолданысқа енгізеді
|

Біріккен Араб Әмірлігінде дирхаммен қамтамасыз етілген йифрлы валютаның жаңа түрі – стейблокинді қолданысқа енгізетінін жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы BUSINESS EMIRATES ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш жобаны БАӘ-нің орталық банкі (CBUAE) реттеп, First Abu Dhabi Bank (FAB) банкі жүзеге асырады. Стейблкоин IHC, ADQ инвестициялық холдингтерінің және FAB банкінің қолдауымен құрылады. Мұндағы мақсат төлемдер жүргізуді мейлінше оңтайландыруға және ел ішінде де, халықаралық аренада да бизнеске қолайлы жағдай жасауға саяды. Мұндай бастама БАӘ-нің қаржы технологиялары мен блокчейн-инновациялар саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі ретіндегі ұстанымын нығайтатын болады. Жаңа цифрлық валюта жаһандық цифрландыру науқаны аясында қауіпсіз және тексерілетін транзакцияларды қамтамасыз етуге арналған. Ол тұтынушылық мақсатта да, мемлекеттік мекемелерде де және құрылғылар арасындағы коммуникация (M2M) және жасанды зерде базасындағы қосымшалар сияқты салаларда да пайдаланылатын болады. Айрықша жоба БАӘ-нің ADI Foundation қоры әзірлеген ADI блокчейны негізінде жұмыс істейтін болады. Бұл платформа цифрлық төлемдердің сенімді жүйесін құру үшін іргетас бола алады. ADI Foundation қазірдің өзінде әдеттегі қаржы жүйелерін болашақ технологияларымен біріктіретін 20-дан астам елдің үкіметтерімен ынтымақтасуда. Жаңа cryptocurrency іске қосу Біріккен Араб Әмірліктеріндегі қаржы секторына, сауда мен коммерцияға айтарлықтай серпін береді. Бұл жоба елдің инновациялар мен озық қаржы технологияларының халықаралық орталығына айналуға мүмкіндік береді.




