Биыл бір елдің өзінде 40 мыңға тарта адам жалғыз жатып жан тапсырған
|
Жапонияның ұлттық полиция агенттігінің мәліметінше, 2024 жылдың бірінші жартысында елде 37 227 адам үйінде жалғыз жатып қайтыс болған. Бұл жайында islam.kz порталы bbc.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Олардың төрт мыңға жуығының қайтыс болғаны бір айдан аса уақыт өткен соң анықталды, ал тағы 130 адамның өлімі бір жылдан кейін ғана белгілі болды. Ал жалғыз жатып жантәсілім еткендердің 40 пайызының мәйіті бір күннің ішінде табылған. Жанында басын сүйеушісі жоқ, жалғыз жатып дүниеден озғандардың 70%-дан астамы 65 жастан асқан адамдар. Олардың арасында 85 жастан асқандардың үлесі – 7498 адам. Олардан кейін 75-79 жас (5920 адам) және 70-74 жас (5635 адам) жас аралығындағылар. Әлемде қарт тұрғыны ең көп ел ретінде танылған күншығыс елінде адамдардың өмір сүру ұзақтығы артқанымен туу көрсеткіші құлдырап кеткен. Еңбек жасындағылар қарасы азайып келеді. Өткен жылы премьер-министр Фумио Кишида елдің қоғам ретінде қалудың аз алдында тұрғанын мәлімдеді. Осы жылдың басында Жапонияның халықты және әлеуметтік қауіпсіздікті зерттеу ұлттық институты жалғыз тұратын 65 және одан жоғары жастағы азаматтардың саны 2050 жылға қарай 10,8 миллионға жететіні туралы дерек келтірді. Жалғызілікті өмір сүретіндер қарасы 2023 жылы 23,3 миллионға жеткенін айта кету керек.
Ұқсас материалдар:
"Бір ғана елдің өзінде үш ай ішінде 17 мыңнан аса қария жалғыздықта жан тапсырған" (https://islam.kz/kk/news/alem/bir-gana-eldin-ozinde-ush-ai-ishinde-17-mynnan-asa-qariya-jalgyzdyqta-jan-tapsyrgan-20268/#gsc.tab=0)
"Ұзақ жасаудың кері жағы немесе жалғыз өлу" (https://islam.kz/kk/news/alem/uzaq-jasaudyn-keri-jagy-nemese-jalgyz-olu-foto-2125/#gsc.tab=0);
"Жалғыздықпен күресуге арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданды" (https://islam.kz/kk/news/alem/jalgyzdyqpen-kuresuge-arnalgan-memlekettik-bagdarlama-qabyldandy-16233/#gsc.tab=0);
"Оңтүстік Кореяда хикикоморидің ата-аналары қоғамнан оқшауланатын болды" (https://islam.kz/kk/news/alem/ontustik-koreyada-hikikomoridin-ata-analary-qogamnan-oqshaulanatyn-boldy-20462/#gsc.tab=0);
"Жалғыздық – дерт. Ғалымдар онымен күресудің стратегиясын әзірлейды" (https://islam.kz/kk/news/arturli/jalgyzdyq-dert-galymdar-onymen-kuresudin-strategiyasyn-azirleidy-14397/#gsc.tab=0)