Біріккен Араб Әмірлігінің байырғы тұрғындарының ертегіге бергісіз өмірі
Біріккен Араб Әмірлігінің байырғы тұрғындарының ертегіге бергісіз өмірі
5 жыл бұрын 2973 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігі – жергілікті халық азшылықты құрайтын санаулы елдердің бірі. Мұнай шикізатын сатудан түскен ақшаны елдің болашағына бағыттаған – білімге инвестициялап жатыр. Соның ішінде осы заманғы озық технологияға ден қойып, барлық салада қолдануға күш салып жатыр. Бүгінде олардың мұнайы таусылуға тақаған. Соған қарамастан аталған араб елі тура мағынасында қарыштап дамып келеді. Бұған билік басындағылардың жүргізіп отырған тиімді экономикалық саясаты ықпалын тигізуде. Бір кездері мұнай қоры таусылмайтындай көрінетін арабтар америкалықтар секілді шалқып өмір сүрген еді: қымбат шетелдік автокөлік, семіздік індеті, тұтынудың жоғары деңгейі, т.б. Десе де мұнайдың игілігін көріп қалған ел аз уақыттың ішінде экономикасын оңдап, бүгінгі таңда білім мен ғылымға көңіл бөліп отыр. Жоғарғы оқу орнын тәмамдаған университет түлегі алғашқы жұмысында шамамен 10 мың доллар алады. Бірте-бірте біліктілігін арттырады әрі соған орай жалақысы да өседі. Зейнет жасына шыққан соң 100 мың доллар алады. Балалы болған үй мемлекет тарапынан 60 мың доллар мен жер теліміне ие болады. Мемлекет есебінен аталған елдің шетелде оқып жүрген студентінің оқу ақысы төленіп қоймай, олардың пәтерінің жалдау ақысын да төлеп береді әрі ай сайын 2 мың доллар шәкіртақы тағайындайды. Бұрын ғой аталған араб елінде әр баланың атына шот ашып, мемлекет ай сайын ақша аударып отыратын. Бүгінде бұл тәжірибеден біртіндеп бас тартып жатыр. Есесіне өсіп келе жатқан ұрпақтың білім алуына барлық жағдай жасалады. Бұл елде мектеп пен жоғарғы оқу орынында білім алу тегін. Егер бірінші курс студенті үздік бағамен бітірсе, оның отбасына білім беру министрлігінің өкілі келіп, әлемнің ең үздік университеттерінің бірін таңдауды ұсынады. Оқу ақысынан бастап, жатын жеріне дейінгі барлық шығын мемлекет мойнында. Бұдан бөлек, аталған елде байырғы тұрғындарға медициналық қызметтер тегін, тексерілуден бастап, емделуге дейін. Отасы да, дәрі-дәрмегіне дейін тегін. 21 жасқа толған ел азаматтарына жер мен оған үй салуға қаражат бөлінеді. Ал жұмыс істегісі келмейтіндерге үйі мен автокөлігі үшін және азық-түлігіне де ақша беріледі. Бұл елде ер-азаматтар зейнетке 55 жасында, ал әйелдер 50 жасында шығады. Зейнетақының ең аз мөлшері 3 мың долларды құрайды. Ал отбасын құрғысы келетіндер болса, мемлекет оларға 40 мың доллар мөлшерінде қарыз береді. Үшінші бала туғанда автоматты түрде қарызы кешіріледі. Осынау ел тұрғындарының 90 пайызы вилла мен өздерінің хан сарайына бергісіз жер үйлерінде тұрады, пәтерлері - элиталық. Ауқатты шейхтары әдетте субұрқағы бар үйлерде тұрғанды қолай көреді. Аптап ыстықта самалдауы үшін.

0 пікір
Мұрағат