Бір мұсылман елінде 160 мың дәрігер жетіспейді
Бір мұсылман елінде 160 мың дәрігер жетіспейді
2 жыл бұрын 1570 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлемде мұсылмандар қарасы бойынша көш бастаған елдердің бірі, дәлірегі, оңтүстік шығыс Азиядағы ел 160 мың дәрігерге зәру, маман тапшылығы жылдан жылға артып келеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Индонезияның денсаулық сақтау министрі  Буди Гунади Садикин келтірген дерекке жөн сілтеген  Kompas ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш министрлік мәліметі бойынша 160 мың дәрігерді оқытып дайындау үшін табаны күректей 14 жыл керек – елдегі медициналық жоғарғы оқу орындарының бүгігі әлеуетімен есептегенде. Яғни, Индонезияда 92 медициналық факултет бар, олар жыл сайын 1200 мың дәрігер дайындап шығарады. Осы орайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандартына сәйкес 1000 адамға бір дәрігерден келуі тиіс. Ал осы талапты ескерсек, 270 млн халқы бар Индонезияда 270 мың дәрігер болуы тиіс. Индонезияның денсаулық сақтау мекемелерінде жұмыс істейтіін дәрігерлер саны бүгінде шамамен 110 мың адамнан аспайды.

Ұқсас материал: 

"Әлем бойынша 43 млн медицина қызметкері жетіспейді" (https://islam.kz/kk/news/alem/alem-boiynsha-43-mln-meditsina-qyzmetkeri-jetispeidi-16850/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат