Бір жылдың ішінде жапон халқы жарты млн-нан аса адамға азайып кетті
Бір жылдың ішінде жапон халқы жарты млн-нан аса адамға азайып кетті
25 күн бұрын 1204 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапония тұрғындары өткен жылы,  дәлірегі, 2023-2024 жылы 550 мың адамға кеміген. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде күншығыс елінің ішкі істер және байланыс министрлігі келтірген дерекке жөн сілтеген centralasia.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша жапон халқы 14 жыл қатарынан кеміген үстіне кемуде. Қазіргі уақытта арал мемлекетте 123, 8 млн адам өмір сүріп жатыр. Бұған қоса, Жапония халқының қартаю процесі жылдан жылға қарқын алып келеді, яғни, жыл өткен сайын қаттар қарасы көбейген үстіне көбеюде. Жыл қорытындысы бойынша 15 жасқа дейінгі тұрғындардың үлесі халықтың жалпы санына шаққанда 11,2%-ды ғана құраған. Дәлірегі, 15 жасқа дейінгілер саны 13,83 млн. адамнан аспайды, бұл тараптағы шама өткен жылғысымен салыстырғанда 343 мыңға аз және ең төменгі көрсеткіш. Ал қарт адамдардың (65 жастан асқан) 2024 жылы саны 17 мыңға артып, жалпы 36,24 млн адамды құрады. Олар Жапония халқының үштен біріне жуығын - 29,3%-ын құрайды. 75 және 75 жастан асқан адамдар саны бір жыл ішінде 700 мыңға артып, жалпы 20 777 мың адамды құрады, бұл көрсеткіш халықтың жалпы санының рекордтық 16,8%-ын құрайды. Халықтың табиғи жолмен кемуімен қатар қартаю процесі қатар жүріп жатыр.

0 пікір
Мұрағат