Бір жыл ішінде Ауғанстандағы есірткі өндірісі 95 пайызға төмендеді
Бір жыл ішінде Ауғанстандағы есірткі өндірісі 95 пайызға төмендеді
1 жыл бұрын 2599 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Өткен жылдың, яғни, 2022 жылдың соңынан осы уақытқа дейін Ауғанстан аумағындағы есірткі өндірісі 95 пайызға төмендеген. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Біріккен Ұлттар Ұйымының есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының дерегін келтірген Ресей Федерациясының қауіпсіздік кеңесі жетекшісінің орынбасары Дмитрий Медведевтің Telegram-арнасына жөн сілтеген lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. РФ қауіпсіздік кеңесі жетекшісінің орынбасары ауғандардың мұндай жетістікке тәліптер радикалды қозғалысының (БҰҰ қарарымен террористік ұйым ретінде танылуына байланысты әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстанда қызметі мен насихатына тыйым салынған – ред.) арқасында жетті, деп есептейді. Айналдырған бір жыл ішінде Ауғанстанда көкнәр егетін алқаптар (233-тен 11 мың гектарға) және апиын өндірісі (6,2 мыңнан 3,3 тоннаға дейін) қысқарған.

Ұқсас материалдар:

"Тәліптер қарасора өсіруге тыйым салды" (https://islam.kz/kk/news/alem/talipter-qarasora-osiruge-tyiym-saldy-18313/#gsc.tab=0);

«Тәліптер есірткі өсіруге тыйым салды» (https://islam.kz/kk/news/alem/talipter-esirtki-osiruge-tyiym-saldy-16588/#gsc.tab=0);

«Ауған «көзірі»: Есірткі трафигінен лития трафигіне өте ала ма?» (https://islam.kz/kk/news/alem/augan-koziri-esirtki-trafiginen-litiya-trafigine-ote-ala-ma-15930/#gsc.tab=0);

«Тәліптерді биліктен тайдырғаннан кейін есірткі саудасы қарқын алған» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/talipterdi-bilikten-taidyrgannan-keiin-esirtki-saudasy-qarqyn-algan-7896/#gsc.tab=0);

«Ауғанстан есірткі еліне айналды» (https://islam.kz/kk/news/alem/auganstan-esirtki-eline-ainaldy-11191/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат