Бір ғана елде кедейлікпен күреске 100 мыңнан аса жекеменшік компания атсалысып жатыр
Бір ғана елде кедейлікпен күреске 100 мыңнан аса жекеменшік компания атсалысып жатыр
4 жыл бұрын 3587 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Осы жылдың маусым айының соңындағы дерекке қарағанда, Қытайда 109 500 жекменшік кәсіпорын кедейлікпен күрес науқанына қосылған, дәлірегі, Қытайдың ауылдық елді мекендеріндегі кедейлікпен күреске арналған мемлекеттік бағдарламаға атсыласып жатыр. Бұл жайында Синьхуа ақпарат агенттігі Бүкіл қытайлық өнеркәсіпшілер мен саудагерлер федерациясының /ACFIC/  жоғары лауазымды тұлғасына сілтеме жасай отырып мәлім етті. Аталған жекменшік компаниялар 127 мың елді-мекенге көмек көрсеткен. Бұл туралы ACFIC жетекшісінің орынбасары Фань Юшань Қытайдың оңтүстік-батысында орын тепкен Гуйчжоу провинциясына қарасты Даньчжай уезінде өткен форумда мәлімдеді. Аталған елдегі кедейлікпен күрес бағдарламасы 2015 жылдың қазан айынан бастап жүзеге асырыла бастады. Бұл жалпы ұлттық науқанға Қытай халық республикасының мемлекеттік кеңесінің жанындағы кедей аудандарды дамыту жөніндегі басқарушы топ кеңсесі, Гуанцай бағдарламасына жәрдем ету бойынша қытай қоғамдастығы мұрындық болған еді. Жоғарыда аталған жекеменшік компаниялар соңғы жылдар ішінде кедей аудандардағы өнеркәсіпті дамытуға 91,6 млрд юан (шамамен 13,4 млрд долл.) жұмсаған, бұдан бөлек, әлеуметтік жобаларға қосымша тағы 15,2 млрд юан бөлген. Осы жекеменшік компаниялардың ықпалымен 799 мың жұмыс орны ашылып, 1,16 млн адам арнайы курстан өткен. ACFIC алдағы уақытта кедейлік қамытынан тағы 1100-нан аса елді-мекенді шығура үшін жұмыс істейтін болады.

0 пікір
Мұрағат