Бес жұлдызды қонақ үйдің түбіне фен-шуй жетті
|
Қытайдың Хуайнан шаһарындағы қонақ үй қала әкімінің пәрменімен сүріліп тасталды. Бұған қала әкімі Фана Сипинаның қайдағы жоққа сенетін ырымшылдығы себеп болды. Осылайша әкімнің ессіздігінен қаланың көркін келтіріп тұрған бес жұлдызды қонақ үй жермен-жексен болды. Аталмыш қонақ үйге қалалық әкімдіктің қарама-қарсысында орын тепкені сор болып жабысты. Нақтырақ айтқанда, ырымшыл шенеуніктің айтуынша, қонақ үй фэн-шуй іліміне қайшы кеңістікте салынған. Яғни, қала әкімінің кеңсесіне қонақ үй ғимараты жағымсыз энергияны бағыттайды-мыс. Ал ресми түсініктемесінде қала әкімдігі оның экономикалық жағынан тиімсіздігін алға тартып, жауап берген көрінеді. Инвесторлар қонақ үйдің сүрілгенінен едәуір зиян шеккенін айтып, зар илеп отыр. Осыған байланысты Фана Сипина қызметінен шеттетілді.