Бейруттегі жарылыс тарихта ядролық емес жарылыстар арасындағы ең қуаттысы болып шықты
Бейруттегі жарылыс тарихта ядролық емес жарылыстар арасындағы ең қуаттысы болып шықты
4 жыл бұрын 3054 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Осы жылдың тамыз айының 4-і күні Бейруттегі орын алған жарылысқа қауіпсіздік талабына сай сақталмаған 2750 тоннаға тарта аммиак селитрасы себеп болған еді. Бұл жарылыс тарихта ядролық емес жарылыстар арасындағы ең қуаттысы болып шықты. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі осы төңіректе талдау материалын жариялаған Shock Waves мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шеффилд университеті мамандарының есеп-қисабы мен берген бағасына қарағанда, Бейрут қаласының едәуір бөлігін қаңыратып кеткен аталмыш жарылыстан бірнеше миллисекунд ішінде бір жыл бойы 100 үй шаруашылығы тұтынатын энергия мөлшеріндей энергия бөлінген. Яғни, ақылға қонымды шегі бойынша 1,1 килотоннаға тең 500 тонна тротилдік эквивалентті құрады. Дәлірегі, Жапонияның Хиросима қаласына екінші дүниежүзілік соғыс аяқталар тұста тасталған атом бомбасы мөлшерінің щамамен бестен бір бөлігіне тең келеді. Sheffield Blast and Impact Engineering зерттеу тобының өкілі, доктор Сэм Ригби қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін болашақта жарылысқа барынша төзімді ғимараттар салудың маңыздылығына тоқталды. Аталмыш жарылыс нәтижесінде 190-ға жуық адам бақилық болып, 6000-нан аса адам түрлі деңгейде жарақат алған. Сөз орайы келгенде мынадай деректерді келтіре кетуді жөн көріп отырмыз: ядролық емес жарылыстар арасындағы тағы бір ірі жарылыс Жаңа Шотландия аумағындағы Галифаксте екі кеменің соқтығысуынан орын алған еді. 2017 жылы. Екі кеменің бірі жарылғыш заттар тиелген болатын. Тротилдік эквивалентке шаққанда 3 килотоннаға жете-қабыл жарылыс болды.

0 пікір
Мұрағат