Батыстан қараңғылығын ерткен бұл құбылыс та ақырын басып, Азияға келді
Батыстан қараңғылығын ерткен бұл құбылыс та ақырын басып, Азияға келді
7 жыл бұрын 4964 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Үндістанның жоғарғы соты айықпас ауруға шалдыққан, яғни, ем қонбайтын науқасты жасанды жолмен тіршілігін жалғастыруға мүмкіндік беретін аппаратты ажыратуға және емдеу шараларын тоқтатуға рұқсат беретін шешім шығарды. Әлбетте, беті бері қарамайтын пациенттің келісімімен жүзеге асырылады. Бұл жайында NDTV ақпарат көзі аталмыш елдің жоғарғы сотының шешіміне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Пациент келіскенімен сырқаттың туған-туыстары бұған келісімін бермесе, жоғарғы сотқа шағымдана алады. Мұндай жағдайда ақырғы шешімді сот шығаратын болады. Сөз орайы келгенде айта кету керек, мұны «пассивті эвтаназия» деп атайды. Ал активті эвтаназия деп, жазылудан күдерін үзген науқастың медицина мамандарының көмегімен әрі өз еркімен өмірден кетуін айтамыз. Активті эвтаназияға батыс елдерінде, атап айтқанда, Нидерланды, Швейцария, Бельгия, Люксембург және АҚШ-тың төрт штатында рұқсат етілген. Заңмен. Эвтаназия – адамның аманат жанын өз қолымен үзудің бір түрі, яғни, өз-өзіне қол жұмсағанмен бірдей әрекет.

0 пікір
Мұрағат