Балалар жөргенінде мыңдаған химикаттарды пайдалануға тыйым салынады
Балалар жөргенінде мыңдаған химикаттарды пайдалануға тыйым салынады
3 жыл бұрын 1440 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Еуропада денсаулыққа зиянды мыңдаған химикатты жөргекте пайдалануға тыйым салынады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Еуропалық комиссияның ресми сайтында жарияланан «шектеудің жол картасына» жөн сілтеген The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, жөргекте онкологиялық ауруларды, гормондық ауытқуларды, репродукты ақауды (ұрықтандыру қабілетіне залал келтіретін) тудыратын, семіздікке бастайтын, сусамыр дертіне шалдықтыратын, т.б. химикаттарды пайдалануға тыйым салу турасында сөз болып отыр бұл арада. Аталған тізімге 12 мыңға дейінгі түрлі улы элементтер енген. Еуропалық экологиялық бюро бұл шараны «тарихтағы аса ірі химикаттарға тыйым салу» деп бағалап отыр. Бұл тараптағы шектеу шаралары ең алдымен балалар жөргегі мен балалардың ойын алаңында кездесетін антипирен, бисфенол, ПВХ-пластик және ПФАС (сутегі фтормен алмастырылған көміртек тізбегі бар органикалық қосынды) секілді кеңінен тараған химикаттарға қатысты қолданылады. Сондай-ақ, мұндай тыйым опа-далап, бояу, тазалық құралдары, желім, пестицидке қатысты қоллданылуы мүмкін. Cefic сауда тобы улы элементтерден арылу өз кезегінде әлемдік химия өнеркәсібінің 500 миллиард еуроны құрайтын жылдық табысын төрттен бірінен көбін азайтатынын атап өтті. Ал ғалымдар не дейді? Олардың айтуынша, химиялық ластану деңгейі бүгінде мөлшерінен асып кеткен. 2019 жылы Bund экологиялық топ BASF, Bayer, Dow ChemicalsExxonMobil өнеркәсіп алыптарының химикаттарды тексермей миллион тонналап пайдаланатынын анықтап, әлем қауымдастығына дабыл қаққан болатын.

0 пікір
Мұрағат