|
Байлар байыған үстіне байып, кедейлер кедейленіп барады
|
Әлемдегі миллиардерлердің дәулетін шотқа салып, тізімін жариялап отыратын "Forbes" басылымы үстіміздегі жылдың бас кезіндегі санында мысырлық сегіз миллиардердің аты-жөнін атады. 2013 жылы капиталы 13 млрд долларға бағаланған олардың дәулеті биыл 23,4 млрд-қа жеткен. Есесіне, пирамидалар елінде кедейлердің күнкөріс деңгейі күрт төмендеп кеткен. Яғни, ат төбеліндей байлар байыған үстіне байып, дәулеті еселеп артса, жұпыны тіршілік кешетіндер тақыр кедейге айналып барады. Былайша айтқанда, бай мен кедей арасындағы алшақтық ұлғайып, әлеуметтік қатерлі сипат алған. Мәселен, 2010 жылы бұл елде 16,5 млн адам кедейліктің ең төменгі шегінде өмір сүрсе, бұл көрсеткіш 2013 жылы, яғни, аз уақыттың ішінде 21,5 млн адамға жеткен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Циркадты ырғақты басқаруға көмектесетін тетік табылды
■
Түнгі үрейлі түстер қауіпті аурудың белгісі болуы мүмкін
■
Мәңгі химикаттарды жоюдың жолы табылды
■
Оңтүстіктен 1 млрд тонна мұнай мен газ қоры табылды. Миллиондаған тонна пайдалы қазба бар 29 кен орны табылды
■
Еуропалық ел халық санын он миллионнан асырмау жөнінде референдум өткізуі мүмкін