Азық-түліктің 3/1-і қоқысқа тасталады
Азық-түліктің 3/1-і қоқысқа тасталады
4 жыл бұрын 3287 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемде 3 млрд адам тойып тамақ ішпейді, соған қарамастан әлем бойынша азық-түліктің үштен бірі жыл сайын қоқысқа тасталады. Бұл жайында islam.kz плорталы Біріккен Ұлттар Ұйымының баспасөз қызметінде айтылған дерекке сүйенген platon.asia ақпрат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүгінгі адамзат санына шаққанда азық-түлік ресурсының тапшылығы болмауы тиіс, өйткені, жердің асырау әлеуеті 30 млрд адамға дейін жетеді. Алайда, жұқпалы індет пандемиясына байланысты шекарасын жапқан елдер арасындағы сауда-саттықтың бәсеңсуі мен тоқтауынан түрлі саяси-экономикалық және экологиялық себептер бойынша азық-түлік тапшылығын тартып отырған елдерде гуманитарлық дағдарыс тереңдеп келеді. Әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігі стратегиясына азық-түлік ысырапшылдығы қатер төндіріп тұр. Бұл қатердің алдын алуға болады, егер түсіндіру жұмыстары кеңінен жолға қойылса. БҰҰ келтірген мәліметке қарағанда, жыл сайын азық-түліктің үштен бірі, жеміс-жидек пен көкөністің жартысы, ет өнімдерінің төрттен бірі қоқысқа тасталады екен. Яғни, адамзат жыл сайын кем дегенде 1 млрд доллардың өнімін «желге шашады». Сондай-ақ, дамушы елдерде азық-түліктің 40%-ы жиын-терін немесе өңдеу кезінде рәсуа болып жоғалады. Бұл «азық-түлік шығыны» деп аталады. Ал тұтыну немесе сату кезінде рәуса болған, я болмаса мерзімі өтіп сөреде тұрып, өтпей қалғаны бар, жартылай желініп тасталғаны бар, бұлар «тағам шығыны» деп жіктеледі. Күллі әлемде 600 млн адам аштық азабын тартуда, 3 млрд адам денсаулыққа зиянсыз тағамдарды тұтыну мүимкіндігінен айырылған. Биыл, яғни, 2021 жылы азық-түлік және тағам шығынына қатысты проблемалаларға әлем қауымдастығының назарын аудару мақсатында саммит өтеді. 

Ұқсас материал: «Тамақты тауысып жемегендерге айыппұл салынады» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/tamaqty-tauysyp-jemegenderge-aiyppul-salynady-14587/#gsc.tab=0);

0 пікір
Мұрағат