Әзірбайжанда сатылымға шығарылатын діни әдебиеттер лицензияланады
Әзірбайжанда сатылымға шығарылатын діни әдебиеттер лицензияланады
10 жыл бұрын 3281

Әзірбайжанның діни құрылымдармен жұмыс істейтін мемлекеттік комитетінің төрағасы Мүбраиз Құрбанұлы Trend ақпарат агенттігіне берген сұхбатында сатылымға шығарылатын діни әдебиеттер мен өзге де өнімдердің лицензияланатынын мәлімдеді. Бұл үшін осы елде жарық көретін және шетелден әкелінетін діни әдебиеттерге сараптама жүргізетін арнайы топ құрылмақшы. Сараптамадан өткен және сарапшылар мақұлдаған діни әдебиеттер ғана саудаға шығарылады. Бұл сақтық шарасы елде экстремизмнің алдын алу мақсатында қолға алынып отыр. Сондай-ақ, Әзірбайжанда мешіттердің жанынан кітапханалар ашылады. Бұл жайында осы елдің президенті жанындағы білім қорының атқарушы директоры Оқтай Сәметов мәлімдеме жасады. Ол мешіттің тек құлшылық ететін орын ғана емес, сонымен қатар, ағартушылықты басты назарда ұстайтын ілім ордасы екенін айта келіп, мұндай тәжірибенің христиан елдерінде кеңінен қолданылып келе жатқанын тілге тиек етті.

0 пікір
Мұрағат