Аятолла Әлі Хаменейдің кетуі Иран саясатына қалай әсер ететіні айтылды
Аятолла Әлі Хаменейдің кетуі Иран саясатына қалай әсер ететіні айтылды
1 ай бұрын 582 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяу Шығыс жөніндегі сарапшылар Иран көсемінің ауысуы ХХІ ғасырдағы ең маңызды оқиға ретінде тарихта қалатынын алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы "Детали" ресейлік сараптамалық дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлемдегі авторитарлық елдердің бірінен саналатын Иран режиміне бір ұрпақ ауысатындай уақыт жетекшілік еткен Әлі Хаменейдің денсаулығына байланысты саясат сахнасынан көп ұзамай кететінін жарыса жазуда. Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары. Тіпті, оның орнын басатын мұрагері де тағайындалып қойыпты деген қауесет желдей есуде. Әлі Хаменей Иран тағында табаны күректей 35 жыл отырып, Таяу шығыс аймағындағы ірі ойыншылар арасындағы баланстың сақталуына ықпал еткен тұлғалардың бірі. Геосасаттағы негізгі аспектілердің өзгеруіне де ықпал еткен айтылады. Мәселен, Иран Қытаймен және Ресеймен ықпалдастықты арттырып, 1990-шы жылдары батыс инвестициясын ел экономикасына тарта алған. Алайда, Иранның ядролық бағдарламасына байланысты 2010-шы жылдары батыс елдері тарапынан салынған санкция елдің экономикалық моделін түбегейлі өзгертті. Соның ішінде Қытай Иранның басты жэкономикалық серіктесіне айналды. Сарапшылар бұл өзгеріс Иран билігінің еркінен тыс өздігінен орын алғанын алға тартып отыр. Хаменей кеткенімен оның дәуірі қалады артында. Яғни, ол орнатып кеткен саяси жүйе көп өзгере қоймайды. Оған уақыт керек. Осыған байланысты Иран күрделі де қиын кезеңді бастан кешеді. Сауалнама нәтижесі бойынша ел тұрғындарының шамамен 70%-ы Әлі Хаменейдің сыртқы саясаттағы қадамы мен ішкі тәртібіне көңілі толмайды. Бұдан бөлек, оның орнына келетін Можтаба Хаменей де консервативті ортадан шыққанын әрі елдің негізгі тізгінін ұстайтын Ислам сақшылар корпусының (Иранның саяси әрі әскери элиткалық құрылымы) ықпалынан шыға алмайтын тұлға екенін ескерсек, оның либералды реформаларды жүзеге асыруы екіталай. Халықаралық шектеулер құрсауындағы Иранның бүгінгі таңдағы инфляция деңгейі 40%-ға жуық, соған қарамастан Иран экономикасы мұнай шикізаты экспортына тәуелділіктен 30%-ға дейін арылған. Иранның қарулы күштері зымыран мен соққы беруші ұшқышсыз ұшу аппараттарына басымдық берген “арзан соғысқа” машықтанған ел. Яғни, зымыран мен беспилотниктер әскери шығынды барынша азайтуға мүмкіндік берген ел ретінде сипатталады. Бұл елдің ең басты осал жері – әлеуметтік саясаты: азық-түлік, жанар-жағармай, электр қуаты, т.б. демеуқаржыға (субсидия) иек артқан. Бұған қоса, жергілікті жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлық та елде күрделі реформа жүргізуге кедергі келтіретін факторға айналған. Иран халқына келсек, сыртқы қауіп-қатер емес, ең алдымен түйіні тарқатылмаған ішкі мәселелер көбірек толғандырады.

0 пікір
Мұрағат