Ауыл шаруашылық жануарларын торға қамауға тыйым салынады
Ауыл шаруашылық жануарларын торға қамауға тыйым салынады
3 жыл бұрын 3774 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ауыл шаруашылық жануарларын, соның ішінде мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы да кіретін, дәлірегі, тауық, үйрек, қаз, қоян, т.б. торға қамап ұстауға тыйым салу науқаны кеңінен өріс алған (1,4 млн адам қол қойған) еді. Еуропалық комиссия күллі ЕО аумағында ауыл шаруашылық жануарларын торға қамап ұстауға тыйым салуды қолдайтынын жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Unilad дерек көзіне жөн сілтеген Tengrinews.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш комиссия 2023 жылы бұл тыйымды заң жүзінде бекітуге ресми міндеттеме алды. ЕО-ның денсаулық сақтау жөніндегі комиссары Стелла Кириакидес аталмыш заң өз кезегінде ЕО-ның Farm to Fork («Фермадан дастарханға») деп аталатын азық-түлік саясаты стратегиясының бір бөлігі ретінде жануарлардың жағдайын жақсарту бағдарламасының бөлігіне айналатынын мәлімдеді. Бұл ресми қозғалыс жергілікті азықты мейрамханалар мен мектеп асханаларына өндірушіден тікелей сатып алуға ықпал етпек. Сондай-ақ, аталған комиссия фермерлерге өз шаруашылықтарын модернизациялау үшін субсидия бөлетін болады. Еуропалық Four Paws саяси кеңсенің директоры Пьер Сұлтан бұл тарапта арнайы мәлімдеме жасап, аталған заңнамалық ұсыныстың ЕО ауыл шаруашылық жануарлары үшін үлкен жеңіс болғанын тілге тиек етті. Осы орайда кезінде, дәлірегі, мамыр айында Британ билігінің жануарларды саналы тіршілік иесі ретінде ресми танитынын әлемде алғаш рет заңмен бекіткенін айта кетпекпіз. Бұл шара өз кезегінде жануарларды қорғау бағытындағы маңызды қадам саналды. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, маймылдарды үйде асырауға, жануарларға электронды қарғыбау тағуға және фуа-гра өндірісіне тыйым салды. Бұл тыйым үй жануарларынан бастап тағы жағуарларға да қатысты қолданылады. Осылайша «ануарлардың сезімталдығы туралы» жаңа заң қабылданды.

inbusiness.kz ақпарат көзінен: 

Бүгінде Әкімшілік кодекстің 406-бабына сәйкес, жануарларды асырау, күтіп-ұстау, өсiру, пайдалану, сою кезінде ветеринариялық, санитариялық қағидалар мен талаптарды сақтамағандар жазаланады. Бұған зообақтардағы, цирктердегі, омарталардағы, аквариумдардағы жануарлар да кіреді. Осы бапты бұзғаны үшін 20-дан 200 АЕК-ке дейін, яғни 58,4 мыңнан 583,4 мың теңгеге дейін айыппұл салынады. Бұған қоса, Қылмыстық кодекстің 316-бабында жануарлардың өліміне немесе мертігуіне әкеп соқтырған қатыгездік үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Жануарлардың өліміне немесе мертігуіне әкеп соққан қатыгездік, егер бұл әрекет бұзақылық ниетпен немесе садистік әдістерді қолдана отырып, не жас балалардың қатысуымен жасалса, 120 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салынады не 30 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алынады. Осыны адамдар тобы жасаса, айыппұл көлемі 200 АЕК-ке, ал темір торға қамау мерзімі – 50 тәулікке дейін өседі. Бұған дейін бұл баптар негізінен, ит, мысық, зообақтағыларға қатысты қолданылатын. Енді жылқы, сиыр, қой секілді төрт төлік малды да ұрып-соғуға белсенді тосқауыл қойылуға тиіс. Өйткені қазақстандық заңнамада, заңнамалық актілерде және халықаралық келісімдерде жануарларға әрбасқа анықтама беріліп келген. Заң жобасы үй жануарларын, жабайы жануарларды, соның ішінде қорада, вольерде, жартылай ерікті жағдайда ұсталатын және ауыл шаруашылығы түліктерінің бәрін біріктіріп, оларға «фаунаның биологиялық объектілері» деген анықтама беруді ұсынады. Комитет атап өткендей, «ит, жылқы, тотықұс және басқа да аң-құс түрлері үй жануары да, жабайы жануар болуы да мүмкін».   Сондықтан оларды түріне қарай емес, ұсталу сипатына қарай ажырату жоспарлануда. Сонда жануарлардың 6 жаңа түрі пайда болады: «серік жануарлар» («компаньоны»), «жабайы жануарлар», «ауыл шаруашылығы жануарлары», «қызметтік жануарлар», «мәдени-ойын-сауық мақсаттарында пайдаланылатын жануарлар», «эксперименттік-зертханалық жануарлар». «Қазіргі заңнамалық база жануарларды ұстау және оған күтім жасау нормаларын толық қамтымайды. Жануарларды емдеу стандарттары әзірленбеген. Ал жануарларға арналған паналарға арналған нормалар мүлдем жоқ. «Жануарларға жауапты қарау туралы» заңды қабылдау адамдардың жануарлардың әртүрлі санаттарымен күнделікті араласуы кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды тәртіпке келтіруге және жүйелеуге бағытталған», – деген түсініктеме берді Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.

Ұқсас материалдар: 

"Жануарлар да өз мәдениеті мен дәстүрін қалыптастыра алатын қабілетке ие болып шықты" (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/januarlar-da-oz-madenieti-men-dasturin-qalyptastyra-alatyn-qabiletke-ie-bolyp-shyqty-15086/#gsc.tab=0);

"Жануарларды азаптағандар енді заң алдында жауап береді" (https://islam.kz/kk/news/alem/januarlardy-azaptagandar-endi-zan-aldynda-jauap-beredi-9321/#gsc.tab=0);

"Тәжірибе жүргізілетін маймылдар тапшылығы артып келеді" (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/tajiribe-jurgiziletin-maimyldar-tapshylygy-artyp-keledi-15230/#gsc.tab=0);

«Жыл сайын тәжірибе барысында 100 млн-дай жануар ғалымдардың қолынан өледі!» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/jyl-saiyn-tajiribe-barysynda-100-mln-dai-januar-galymdardyn-qolynan-oledi-15141/#gsc.tab=0);

"Тағы бір елде жабайы жануарлар саудасына тыйым салынды" (https://islam.kz/kk/news/alem/tagy-bir-elde-jabaiy-januarlar-saudasyna-tyiym-salyndy-13902/#gsc.tab=0);

"Циркте жануарларды пайдалануға тыйым салады" (https://islam.kz/kk/news/alem/tsirkte-januarlardy-paidalanuga-tyiym-salady-4796/#gsc.tab=0);

"Тағы бір ел жануарлардың циркте өнер көрсетуіне тыйым салды" (https://islam.kz/kk/news/alem/tagy-bir-el-januarlardyn-tsirkte-oner-korsetuine-tyiym-saldy-12305/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат