Әуежай маңында тұратындарға өтемақы төленеді
Әуежай маңында тұратындарға өтемақы төленеді
5 жыл бұрын 1944 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Дания билігі Скрюдструп әуежайының іргесінде тұратындарға F-35 жаңа ұшағының шуы үшін 37 млн доллар мөлшерінде өтемақы төлейтін болып шешті. Бұл жайында TV2 ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш өтемақы F-35 жойғыш ұшағының ұшқыштары жаттығуы үшін жиі ұшырылатындықтан ұдайы шуды естуге мәжбүр болатын тұрғындарға беріледі. Жаңа үй мен шуды өткізбейтін қондырғы сатып алуы үшін.  Аталған елдің қорғаныс министрі Трине Брамсен мұндай келісімге көңілі толатынын мәлімдеді: «Біз проблеманы барынша әділ әрі айтарлықтай амбициялы шешім қабылдаудың жолын таптық. Нақтырақ айтқанда, әскери-әуе күштерінің дайындағына жағдай жасадық. Алайда, Скрюдструп әуежайы маңындағы аудандарда тұратын тұрғындардың да ағдайын ескердік». Нақтырақ айтқанда, аталмыш өтемақыны 1600 үйдің тұрғындары алады, олардың ішіндегі «қызыл аймақта» тұратындары шуды өткізбейтін қондырғыны тегін орната алады немесе 20 мың доллар өтемақы алады.

0 пікір
Мұрағат