Атом энергетикасы жасыл энергетика санатына жатқызылуы мүмкін
|
Еуропалық одақтың он елі атом энергетикасын Еурокомиссия әзірлеген, қоршаған ортаға келетін зиянды азайтуға ықпал ететін салалар тізіміне енгізуді жақтап отыр Бұл жайында islam.kz порталы Figaro мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Франция, Румыния, Чехия, Финляндия, Словакия, Хорватия, Словения, Болгария, Полша және Венгрия бұл бастаға қолдау білдіріп отыр. Бұл тарапта аталмыш ақпарат көзінде жарияланған мақалада айтылғандай, бұл бағытта ең алдымен қоршаған ортаға зияны аз энегрия өндірісіне баса мән беріліп отыр. ЕО құрамындағы аталған елдер атом энергетикасын қауіпсіз энергетика ресурсы ретінде қарастырады, өйткені, атом энергетикасының қоршаған ортаны ластап, жаһандық жылынуға ықпал ететіні жөнінде нақты айғақ жоқ. Өзге қазбалы ресурстармен салыстарғанда. Бұған қоса, атом энергетикасының тағы бір артықшылығы – газ секілді энергия бағасы құбылмайды, тұрақты. Екіншіден, өзге елдерге қатысты энергиялық тәуелділікті азайтады. Статистикалық дерек бойынша атом энергетикасы күллі Еуропаның жартысын энергиямен қамтамасыз етіп отыр. Бүгінгі таңда. ЕО билігі осы ғасырдың ортасына таман аймақты көміртектен ада өлкеге айналдыруды алдына мақсат етіп қойып отыр. Бұл бағытта өндірісті қайта құрылымдау процестері, дәлірегі, жасыл энергияға бейімдеу процесі басталып кетті. Бұдан бөлек, энергияны өндіруден бастап, тұтынуға дейінгі саясатты қайта қарастырып жатыр. Атом энергетикасын жасыл энергия санатына жатқызуға талпыныс соның бір парағы.
Осы орайда мынаны айта кетеміз: соңғы уақытта Кремл тарапынан Қазақстанғf атом электр стансасын салу туралы ұсыныс жиі айтылатын болып жүр. Атом энергетикасын Қазақстанда қолдануды жақтайтындардан гөрі наразылық білдірушілер қарасы көп. Олардың уәжі бойынша атом энергетикасына деген елімізде аса бір қажеттілік жоқ, өйткені, ондай энергияны қажет ететін өндіріс жоқ, экономикасы шағын елге тиімсіз жоба, екіншіден, жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлық жайлаған, автокартиялы елде АЭС құрылысы қоршаған ортаға зияны аз болғанымен техногендік апат тудыруы мүмкін. Дәлірегі, адами фактордан келетін қауіпке байланысты АЭС қауіпсіздігіне кепілдік жоқ. Екіншіден, АЭС – Ресейдің Қазақстанды кіріптар етудің жолы, саяси жоба ретінде қарастырылады.