Ашыққандар қарасы рекордтық деңгейге жеткен
Ашыққандар қарасы рекордтық деңгейге жеткен
3 жыл бұрын 1797 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш әлем бойынша ашыққандар қарасының 800 млн адамнан асып кетуінің себебін айтты. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. БҰҰ бас хатшысының сөзіне қарағанда, бүгінде жоқшылық пен азық-түлік тапшылығының екі себебі бар: климат өзгерісі, яғни, жаһандық жылыну салдарынан әрі қарулы қақтығыстардан орын алып отыр. БҰҰ есебі бойынша өткен 2020 жылы күллі әлемде шамамен 811 млн адам аштық азабын тартқан. Бұл соңғы 15 жыл ішіндегі рекордтық көрсеткіш. Ашыққандар сананың көбеюіне пандемия да өз әсерін тигізіп отыр – жұқпалы індеттен сақтану үшін қолға алынған шектеу шараларынан халықтың едәуір бөлігі табыс көзінен айырылған әрі азық-түлік өнімдеріне қол жеткізу қиындаған. БҰҰ бас хатшысы осылай дей келе әлемдік азық-түлік жүйесі климат өзгерісіне себеп болып отырған парникті газдың үштен бірін бөледі. Осы азық-түлік жүйесі, бұл айтылғаннан бөлек жердің биологиялық әр алуандылығының 80 пайызына зиянын тигізіп отыр. Oxfam ұйымы сарапшыларының есебінше, 2020 жылы аштан өлгендер саны алты есеге артқан, яғни, тәжді таал вирусынан өлгендер қарасынан асып кеткен.

0 пікір
Мұрағат