Аса күрделі ота жасалды: бас пен омыртқа жалғанды
Аса күрделі ота жасалды: бас пен омыртқа жалғанды
4 жыл бұрын 4482 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ұлан-Батыр қаласындағы Моңғолияның жарақат және ортопедия ұлттық орталығының нейрохирургтері осы заманғы озық технологияның көмегімен тұңғыш рет бас пен мойын омыртқасын жалғаған аса күрделі ота жасады. Бұл жайында islam.kz порталы centralasia.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ұлттық орталықтың кеңесшісі Ж. Оюунтөгс, бөлім меңгерушісі Л. Бат-Эрдэнэ және омыртқа мен ортопедия бөлімінің мойын бөлімінің меңгерушісі Б. Баттөгс бас сүйек пен омыртқаны жалғау арқылы мойын омыртқасының сынығына ота жасады. Мойын (цервикалды) бөлім – қан тамырлар желісіне бай, тар омыртқа каналына ие омыртқа жүйесінің ең қозғалмалы бөлігі. Оның омыртқалары шағын келеді әрі құрылымы өзгеше, ал оның бұлшық ет қаптамасы мойын омыртқасын ұстап тұрады әрі оның қозғалысын қамтамасыз етеді, соған қарамастан анатомия тұрғысынан бұл бөлік омыртқаның өзге бөлкітеріне қарағанда беріктігі төмен. Статистикалық деректерге сүйенсек, жоғарғы мойын жарақаты әлемде сирек кездеседі әрі жалпы омыртқа жарақатының 10%-ын құрайды. Дәл осы аймақта ота жасаудың қатері мен қиындығы сонда – аса өмірлік маңызы зор құрылымдар, атап айтқанда, мидың діңгегі ретінде қызмет атқаратын құрылым, омыртқа артериясы, жұлынның жоғарғы сегменті бар. Мұндай жарақаттың адамды өмір бойы мүгедек етіп, яғни, сал етіп тастау қатері жоғары. Сәл қателік кетсе, науқас әп-сәтте кемтар жанға айналады.

2

3

0 пікір
Мұрағат