Арзан жұмысшы күші экономиканың қозғаушы күші болудан қалып барады
Арзан жұмысшы күші экономиканың қозғаушы күші болудан қалып барады
4 күн бұрын 495 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Tingshu Wang / Reuters

Халық саны көп Қытай және Үндістан секілді елдердің экономикасы арзан жұмысшы күшінің арқасында экономикасын ілгерлетті. Алайда, Бангладеш, Мысыр, Индонезия, Нигерия секілді халық саны көп елдер әлі күнге экономикасын тығырықтан алып шығара алмай келеді. Тіпті, экономикасы арзан жұмысшы күшінің арқасында ілгерлеткен Үндістанның өзінде әлі күнге кедейлер қарасы рекордтық деңгейде қалып қойған. Тек жалғыз Қытай ғана халықтың әл-ауқатын жақсарта алған. Осыған қарап, жұмысшы күшінің көптігі экономиканы дамытуда негізгі рөл ойнағанымен шешуші мәнге ие бола алмайтынын уақыттың өзі көрсетіп берді. Бұл жайында islam.kz порталы Financial Times мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Біір кездері экономикалық жетістікке түрткі болған жұмысшы күшінің жалақысы көтерілген сайын өндірістің тиімсіздігі артып келеді. Әлбетте, уақытша жетістік болуы мүмкін. Дегенмен, жалақы – шығын. Жалақы мөлшерінің артуы шығынды арттырады. Бұл мәселені шешу үшін қытай зауыттары өндірісті жаппай автоматтандыруға кірісіп кетті. Ал бұл жайт өз кезегінде жұмыс орындарын қысқартуға алып келеді. Ал бұл жайт өз кезегінде жұмыссыздықпен байланысты әлеуметтік төлемдерді арттырып, мемлекет қазынасын ортайтады. Мәселен, Шанжоу университеті жүргізген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, көп еңбекті қажет ететін 12 салада орташа жұмыспен қамту деңгейі төмендеп, 2011-2019 жылдар аралығында шамамен 14 пайызға немесе 4 миллионға жуық жұмыс орнына қысқарды. Тоқыма өнеркәсібінде жұмыс орындарының қысқаруы 90 пайызға жеткен. FT сарапшылары 2019-2023 жылдар аралығында бұл сегменттердегі жұмыс орындарының саны 3,4 миллионға төмендегенін анықтады. HSBC-тің Азия жөніндегі бас экономисі Фредерик Нойманның айтуынша, Қытай соңғы онжылдықта арзан жұмыс күшін салыстырмалы артықшылық ретінде пайдаланып, мерейі үстем өндіруші мемлекетке айналды. Енді мұндай ойын ережесі Қытай экономикасына келмейді. Осылайша, Қытайға халық республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргеннен кейін батыс елдері алған соққыны өз басынан өткеруіне тура келеді. Ол кезде, 2000-шы жылдардың басында Америка құрама штаттары, Еуропа және басқа мемлекеттерден өндіріс ошақтары Гуандундағы арзан әрі тиімді фабрикаларға жаппай көшті. Қазір арзан фабрикалар Вьетнам мен Индонезияда орналасқан. Қытай билігі экономиканы тұтыну, қызмет көрсету және озық өндірістер есебінен дамытуға ден қоймақшы. Алайда, сарапшылар жоғары технологиялық салалардағы өндіріс аз еңбекті қажет ететінін және артық жұмыс күшін «сіңіре» алмайтынын алға тартып отыр.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
24 25 26 27 28 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6