Арнайы жасақ кемедегі «террористерге» реактивті ранцпен шабуылдайтын болады (видео)
Арнайы жасақ кемедегі «террористерге» реактивті ранцпен шабуылдайтын болады (видео)
4 жыл бұрын 1864 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ұлыбританияның теңіз әскерінің басшылығы әскери операцияларда 2019 жылдан бастап пайда болған реактивті ранц концепциясын пайдалануға көшуді ұйғарып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы NavalInstitute ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы заманғы озық технологиялық жетістіктер қорғаныс саласына батыл енгізіліп жатыр. Мұны Таулы Қарабақ үшін жүріп жатқан ұрыс барысында ұшқышсыз ұшатын аппараттардың кеңінен қолданылуынан байқай аласыз. Бұрынғы соғысқа арналған ауыр техникалардың, соның ішінде танктің күл-паршасын шығара алатын мұндай технология болашақтағы майдан даласында басымдық берілетін қару-жарақ түрлерін құрайтын болады. Ұлыбритания қауіпсіздік күштері де мұндай технологиялардың игілігін көруді мақсат етіп отыр. Таяуда АҚШ-тың әскери теңіз күштерінің институты (USNI) интернетке жүктеген видеодан байқалғандай, мұндай құрылғы жүзіп бара жатқан кемеге британдық арнайы жасақ сарбаздарын қондыруға болатынын көрсетіп берді. Реактивті ранц қуаты 8 минут бойы тоқтамай ұшуға мүмкіндік беретінін осы арада айта кету керек. Аталмыш құрылғы бес бірдей компактілі реактивті қозғалтқыштан тұрады. Олардың төртеуі сарбаздың қолында орнатылады, біреуі жотасына бекітіледі. Жалпы қуаты 1000 жылқының күшіне тең қозғалтқыштар сағатына 88,5 шақырым жылдамдықпен қозғалуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта жылдамдығы сағатына 322 шақырымды  артқа тастауға мүмкіндік беретін жетілдірілген түрі жасалып жатыр. Бұл іспен Gravity Industries компаниясы айналысап жатыр. Ранц авторы ағылшын инженері әрі кәсіпкері Ричард Браунинг.

0 пікір
Мұрағат