Еуропалық елде мұсылмандарға қырын қарайтын әсіре оңшыл партия экстремистік ұйым ретінде танылды
|

Германияда “Германия үшін балама” деп аталатын партия экстремистік ұйым ретінде танылды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде конституцияны қорғау жөніндегі федералды агенттікке жөн сілтеген ТАСС ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш агенттік бұл партияны «адам қадыр-қасиетін елемейтін оңшыл экстремистік ұйым» ретінде танып отыр. Дәлірегі, партия саясаты қоғам өміріне тең қатысу құқығынан елдің белгілі бір тобын шығаруға бағытталғаны баса айтылған. Мұндай шешім аталған партия қызметін жан-жақты сараптаудан кейін қабылданған. Осы орайда аталған партияның неміс қоғамының едәуір бөлігі қолдайтынын айта кетпекпіз. Дәлірегі, сәуір айында арнайы жүргізілген сауалнама нәтижесінде ел тұрғындарының 26 пайызы қолдайтынын жасырмаған болатын. Бұл партия ұстанымы жа,ғынан нәсілшіл партия ретінде танымал. Соның ішінде мұсылмандарға қырын қарайды.




