Арабтар өз жерінде өсетін үші түрлі ағашты зақымдағандарға ірі мөлшерде айыппұл салады
|

Әбу-Даби билігі қоршаған ортаны қорғау бағытында маңызды шешім қабылдады. Дәлірегі, жергілікті климатта өсетін ағаштардың үш түріне заақым келтіргендерге 10 мың дирхам мөлшерінде айыппұл салатын болады. Бұл жайында islam.kz порталы Time Out Abu Dhabi ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада әл ғаф, әл самар және әл сидр ағаштары турасында сөз болып отыр. Араб әмірлігінің муниципалитет және көлік департаменті (DMT) хабарлағандай, ел аумағындағы барлық ағаш нөмірленеді. Ал бұл жүйе өз кезегінде олардыңң құқығын қорғауды қамтамасыз етпек. Ел тұрғындары өз жер теліміндегі ағашты кеспес бұрын алдымен оның мемлекет қорғауына алынғанына немесе алынбағанына көз жеткізіп алуы тиіс. Өйткені, мұндай жергілікті климатқа сай келетін ағаштар шөл дааланың маңызды элементтері. Олар жергілікті экологиялық тепе-теңдікті сақтауда маңызды рөл ойнайды. Дәлірегі, жергілікті биологиялық әр алуандылықтың сақталуына ықпал етеді. Осы орайда Әбу-Даби билігінің 2021 жылы экологияға салдары мен зардабы ауыр зиян келтіргендермен, соның ішінде, құрылыспен, теңізге қоқыс тастаумен және биологиялық сфераға қалдық төккендендермен күресті қатаңдатып, 1 млн дирхам айыппұл белгілегенін айта кетпекпіз. Ал өткен жылы балалар мен жануарларға, қоршаған ортаға қауіпті улы өсімдікті – олендарды өсіруге қатаң тыйым салынған болатын.




