Дубайда мемлекеттік қызмет ақысын криптовалютамен төлеуге мүмкіндік беретін шешім қабылданды
|

Дубай билігі мемлекеттік қызметтерге ақыны криптовалютамен де алатын жүйеге көшеді. Бұл жайында islam.kz порталы Дубайдың қаржы департаментінің (DOF) баспасөз релизіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта Дубай үкіметінің өкілдері мен Cryptо.соm UAE президенті Мұхаммед әл Хәкім Дубай қаласында өткен FinTech саммиті аясында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған екен. Дубай билігінің криптобиржамен бұл серіктестігі мемлекеттік қызметтер ақысын криптовалютамен төлеуге мүмкіндік бермек. Бұдан бөлек, мұндай әріптестік Дубайдың цифрлы қала мәртебесіне ие болуына септігін тигізетін “Дубайдың қолма-қол ақшасыз стратегиясы” деп аталатын жобасының жүзеге асуына ықпал етпек. Бұл тараптағы құжатқа сәйкес 2026 жылы мемлекеттік және жекеменшік секторлардағы транзакциялардың 90%-ға жетуі тиіс. Жоспар бойынша. Яғни, қолма-қол ақшамен есеп айырысу көрсеткіші он пайыздан аспауы тиіс.




