Араб емес, еврей емес Израил азаматтары қалай жіктеледі
Араб емес, еврей емес Израил азаматтары қалай жіктеледі
3 жыл бұрын 3432 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Мұндай өзгеріс Изриалдің барлау министрі көтерген бастама бойынша енгізіледі. Израилдегі халық санағы бюросындағы аталмыш өзгерістің мәні – осы елдегі араб немесе еврей емес азаматтар діні мен наным-сеніміне қарамастан «кеңейтілген еврей халқы» деп аталады. Бұл жайында islam.kz порталы timesofisrael.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл өзгерту өз кезегінде Израилдің орталық статистикалық бюросының (CBS) демография жөніндегі ресми жарияланымдардағы «өзгелер» деп аталатын жекелеген категорияны жоятын болады. Бұл категория, аталмыш министрлік жетекшісінің сөзіне қарағанда, Израилдегі өзге ұлттардың қоғаммен біте қайнасып, интеграциялануына кедергі келтіреді, олардың жатсынуына апарып соқтырады. «Кеңейтілген еврей халқы» санатына араб немесе еврей емес өзге ұлттар діні мен наным-сеніміне қарамастан кіреді. Бұл нені білдіреді? Мәселен, Израилдегі араб ұлтынна да, еврейге де жатпайтын мұсылман немесе христиан өкілі израилдікпен бас қосып, шаңырақ көтере алады немесе әжесі немесе атасы жағынан еврейге туыстығы барларға Израил азаматтығын алуға көмектеседі. Бүгінде Израилдегі «өзгелер» санатындағылар қарасы ел тұрғындарының санына шаққанда 4,6%-ды құрап келген еді. Дегенмен бұл өзгерістің «косметикалық» сипаты басым, олай дейтініміз, аталған елдің ішкі істер министрлігіндегі жіктелімге енгізілмейді. 

Ұқсас материалдар:

«Израилде қанша христиан тұрып жатқаны белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/alem/izrailde-qansha-hristian-turyp-jatqany-belgili-boldy-16220/#gsc.tab=0);

«Израил әскерилеріне палестиналықтардың ту сыртынан атуға рұқсат берді» (https://islam.kz/kk/news/alem/izrail-askerilerine-palestinalyqtardyn-tu-syrtynan-atuga-ruqsat-berdi-16219/#gsc.tab=0);

«Түбі шикі» еврейлердің елге қоныс аударуына қарсы» (https://islam.kz/kk/news/alem/tubi-shiki-evreilerdin-elge-qonys-audaruyna-qarsy-16152/#gsc.tab=0);

«Әлемде қанша еврей бар?» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemde-qansha-evrei-bar-15706/#gsc.tab=0);

«2000 еврей өз байлығының 50%-ын Израилдің өркендеуіне жұмсауға келісімін берді» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/2000-evrei-oz-bailygynyn-50-yn-izraildin-orkendeuine-jumsauga-kelisimin-berdi-15887/#gsc.tab=0);

«Еврейлер әрбір тау мен тасының қанша пайда әкелетінін шотқа салып, есептеп қойған...» (https://islam.kz/kk/news/alem/evreiler-arbir-tau-men-tasynyn-qansha-paida-akeletinin-shotqa-salyp-eseptep-qoigan-15938/#gsc.tab=0);

«Ортодоксалдардың артықшылығы жойылады» (https://islam.kz/kk/news/alem/ortodoksaldardyn-artyqshylygy-joiylady-foto-11056/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат