Араб елінің экономикасы бас айналдырар табысқа кенелмек
Араб елінің экономикасы бас айналдырар табысқа кенелмек
2 жыл бұрын 1671 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Maxim Shemetov / Reuters

2022 жылы Саудия жалпы ішкі өнімі бір триллион доллардан асып, рекорд орнататын санаулы елдердің қатарына қосылады. Бұл жайында islam.kz порталы Forbes іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2021 жылы араб елінің жалпы ішкі өнімі 834 миллиард долларды құрап, әлемде экономикасы 19-шы орынды місе тұтқан болатын, биыл бұл көрсеткіш мұнай бағасының өсуінің арқасында күрт өседі. АҚШ-тың энергетикалық ақпарат басқармасының болжамы бойынша Brent маркалы мұнай баррелінің орташа құны 2021 жылғы 70,89 доллармен салыстырғанда 2022 жылы 104 доллардан асады, ал 2020 жылы небәрі 41,69 доллар болған еді. Осы орайда жанармай-жағармай бағасының әлемдегі геосаяси ахуалға байланысты, соның ішінде Украинадағы қарулы қақтығыс пен ОПЕК+ елдерінің мұнай өндіруге шектеу қоюына байланысты көтерілген еді. Осыған байланысты Сауд Арабиясының қазынасына мұнай шикізатынан мол табыс түседі. Жақында Саудия билігі екінші тоқсанда бюджет профициті 20,8 миллиард долларды құрап, мұнайдан түскен кірістер өткен жылмен салыстырғанда 90 пайызға жуық өскенін хабарлады. Аталған араб елінің министрлер кабинеті таратқан мәліметтерге сәйкес осы кезеңде ел экономикасы 11,8 пайызға, мұнай секторы 23,1 пайызға, шикізаттық емес сектор 5,4 пайызға өскен. Халықаралық валлюта қорының божамы бойынша Сауд Арабиясының экономикасы жыл соңына дейін 7,6 пайызға артып, 1,04 трлн долларға жетпек. Ал Capital Economics консалтингтік фирмасы сарапшылары аталған араб елі экономикасының бұл көрсеткіштен де жоғары деңгейге жететінін, дәлірегі, он пайызға артатынын болжап отыр. Сауд Арабиясы Таяу Шығыстағы 1 триллион доллар шегін бұзған алғашқы мемлекет емес — мұнай бағасының тағы бір бенефициары Иран 2021 жылы ЖІӨ бойынша бірінші қатарға қосылды. Сәл шегініс: ОПЕК+ елдері бұған дейін мұнай өндіруді тәулігіне 100 000 баррельге ұлғайтуға келісті, бұл 1982 жылы өндіріс квотасы енгізілгеннен бері тіркелген ең аз өндіріс өсімінің бірі.

0 пікір
Мұрағат