Араб елінде өзгеге күш қолданудың жазасы айтылды
Араб елінде өзгеге күш қолданудың жазасы айтылды
12 ай бұрын 765 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі бейсауыт жүрген адамдарға ұрынудың құқықтың салдары қандай болатынын ескертті. Бөгде адамның жеке басына тиіскендерге айыппұл салынады әрі абақтыға жабылады. Егер жәбірленуші жарақат алып, 20 күннен аса еңбекке жарамсыз күйге түссе. Бұл жайында islam.kz порталы Khaleej Times сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тіпті, жәбірленуші қатты зардап шекпесе де оған шабуылдаған адамға 10 мың дирхам айыппұл салынады және бір жылға дейін бас бостандығынан айырылады. 2021 жылғы № 31 федералдық заңның 390-бабына сәйкес аяғы ауыр әйелге жасалған шабуылдан  түсік тастаса, жәбір көрсетушінің қылмысы ауыр қылмыс санатына жатқызылады. Ал жұмыс орнында әйелге қырындағандардың әрекеті заңсыздыққа жатады. Мұндай әрекет жыныстық қудалау ретінде бағаланады, дәлірегі, жұмыспен қамту туралы заңның 14(2)-бабына және БАӘ қылмыстық кодексінің 413-бабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық болады. Мұндай әрекетке барғандарға да кем дегенде 10 мың дирхам айыппұл салынып, бір жылға бас бостандығынан айырылады. Қырындауға немесе жыныстық қудалауға өзіне қарату үшін бір емес, бірнеше рет сөзбен, анайы ишарамен немесе қандай да бір әрекетпен көзге түскендердің әрекеті жатқызылады.

0 пікір
Мұрағат