2030 жылы бүкіл әлемдік, маңызды шара Саудия астанасында өтетін болды
2030 жылы бүкіл әлемдік, маңызды шара Саудия астанасында өтетін болды
8 ай бұрын 1192 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясының астанасы – Ер-Риад қаласы 2030 жылы World Expo халықаралық көрмесі өтетін қала ретінде таңдалды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Al-Arabiya ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Париж мегаполисінде өткен халықаралық көрме бюросында Ер-Риад қаласы үшін 119 мемлекет дауыс берген екен, ал Саудия астанасымен бәсекелес Сеул (Оңтүстік Корея астанасы) 29 және Рим (Италия) 17 дауысқа ие болған. Саудия экономикасын әртараптандыру әрі туризм, қаржы орталығына айналуы үшін көптеген тың жобаларға екпін беріп келеді. Соның ішінде өз әлеуетін таныту үшін халықаралық айтулы шараларды өз жерінде өткізуге күш салып келеді. Осының аллдындағы бүкіл әлімдік World Expo көрмесі 2021-22 жылдары Дубайда өткенін естеріңізге сала кетпекпіз. Сөз орайы келгенде саудиялықтар 2034 жылы футболдан дүбірлі доданы өз жерінде өткізуге қол жеткізгенін айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат