Белорусте діни ұйымдарға саясатпен айналысуға тыйым салынды
Белорусте діни ұйымдарға саясатпен айналысуға тыйым салынды
8 ай бұрын 505 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: elements.envato.com. Автор: Pasanheco

Белорустың ұлттық жиналысының өкілдер палатасы елдегі діни ұйымдарға саяси қызметпен айналысуға тыйым салу қарастырылған заң жобасын қабылдады. Беларус президенті Александр Лукашенко мақұлдап, қол қойды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің парламенті баспасөз қызметіне жөн сілтегенТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 1992 жылғы «Наным-сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» қолданыстағы заңның жаңа редакциясында діни ұйымдарға тек саяси қызметпен айналысуына ғана емес, сонымен қатар, қандай да бір саяси партияларға қолдау білдіруге және қаржылай көмек көрсетуіне де тыйым салынған. Бұдан бөлек, ғибадат ғимараттарында діни рәсімдерден және белгілерден өзге символдарды пайдалануға, шеру өткізуге, сайлауалды насихат жүргізуге, саяси сипаты бар кез келген әрекеттерге тыйым салынады. Сондай-ақ, құлшылық орындарында соғысты насихаттауға, діни, нәсілдік, әлеуметтік, лаңкестік, т.б. насихаттарына тыйым салынады. Өзге наным-сенім өкілдерін, билік өкілдерін қаралауға, қандай да бір арандатушы үндеулерге жол берілмейді. «Діни ұйымдардың діни мүлкін олардың жарғыларында көзделмеген мақсаттарға, оның ішінде саяси мақсаттарға, сондай-ақ, террористік және өзге де экстремистік қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға болмайды», деп айтылған аталмыш заңда. Діни ұйымдарды тарату себептерінің тізбесін кеңейтіп, оларды тіркеу және жұмыс істеу тәртібіне қойылатын талаптарды қатайтады, миссионерлік қызметті реттеу тетіктерін енгізеді. Заң жобасы «Беларус православие шіркеуінің ерекше рөлін мойындауға», католиктік шіркеудің рухани, мәдени және тарихи рөліне және «евангелиялық діни ұйымдардың» тұтастығына негізделген діни ұйымдар қызметінің құқықтық негіздерін анықтайды. Лютерандық шіркеу, иудаизм және ислам белорус халқы тарихының бір бөлігі ретінде танылады. Қазіргі уақытта Беларусте 25 конфессия мен діни ағымдар тіркелген, діни ұйымдардың саны 3,5 мыңнан асады, соның ішінде Беларус православие шіркеуінің қауымдастықтары – 1733, Рим-католик шіркеуі – 500

0 пікір
Мұрағат