Араб елінде 1000-нан аса тұтқынға рақымшылық жасалды
Араб елінде 1000-нан аса тұтқынға рақымшылық жасалды
1 жыл бұрын 1267 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінің президенті, ұлы мәртебелі Мұхаммед бен Зайыт әл Нақиан әмірліктердің бір мемлекетке біріккеніне 52 жыл толуы қарсаңында түрмеде түрлі қылмысы бойынша жазасын өтеп жатқандардан 1018 тұтқынға рақымшылық жасады. Бұл жайында islam.kz порталы The National ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Рақымшылыққа іліккендер қатарында Әжман, Фужейр, Шарж билігінің бастамасымен азат өмірге оралатын жүздеген тұтқын да бар. Бұдан бөлек, ел тұрғындары желтоқсан айының 2-3-і күндері демалады. Бұған қоса, желтоқсанның 4-і күні төлемақысы есептелетін демалыс күні ретінде бекітілі. Сөз орайы келгенде 1971 жылдың желтоқсанның 2-де Әбу-Даби, Дубай, Шарж, Ум әл Кубейн, Фужейр және Әжман әмірліктерінің билеушілері біртұтас мемлекетке бірігу туралы одақтық келісімге қолдарын қойғанын айта кету керек.

0 пікір
Мұрағат