Сегізаяқ қармауышының икемділігін қайталай алатын робот қол жасалды
Сегізаяқ қармауышының икемділігін қайталай алатын робот қол жасалды
8 ай бұрын 1174 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Кескін: Zhexin Xie et al., Science Robotics

Бейхан университетінің инженерлері сегізаяқ қимылдарын салатын робот қол жасады. Құрылғының икемділігі таңдай қақтырады: нысанды тану үшін (сипалап көру үшін) түрлі қимылдарға бара алады. Тіпті, қозғалысқа кедергі көп су астында да икемділігін жоғалтпайды. Ғалымдар сегізаяқтың қармауышын сермеп, жемтігін ұстау үшін қолданатын «таратылатын иілу» қозғалысына айрықша назар аударған. Бұрылу қозғалысы аяқ-қолдың түбінен басталып, ұшына дейін толқын түрінде көрініс табады. Теңіз жануары қозғалысының үлгісін жасау үшін зерттеушілер аллдымен иіліп-бүгілудің таралу қозғалысының математикалық моделін жасады. Роботтандырылған қармауыш бөлме температурасында сұйық күйде болатын, металдан жасалған «сымдар» салынған жұмсақ силиконның бес сегментінен тұрады. Стандартты кремнилік чиптерімен бірге олар сегізаяқ қолының жүйке жүйесін имитациялайтын электронды желіні қалыптастырады. Робот қармуышының ұштары шыны сорғыштармен және температура датчиктерімен жабдықталған. Бүкіл жүйе оператор саусағының қимылын ғана емес, сонымен қатар, оның білегінің бүгілуін, айналуын, қисаюын қайталайтын, сондай-ақ, ақпаратты (бұйрықты) қармауышқа жіберетін датчиктермен жабдықталған, бір саусаққа кигізілетін «қолғап» көмегімен сымсыз желі арқылы басқарылатын дербес блоктан тұрады. Сегізаяқтың қолы секілді бастапқы ұзындығынан 1,5 есе ұзындыққа дейін созыла алады.

0 пікір
Мұрағат