Араб елі мен Израилдің жақындасуына себеп болған ең басты фактор аталды
Араб елі мен Израилдің жақындасуына себеп болған ең басты фактор аталды
3 жыл бұрын 2912 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Күні кеше Израил президенті Ысқақ Герцог тарихта тұңғыш рет Біріккен Араб Әмірлігіне ресми сапармен барды. Израил басшысының араб еліне баруы Таяу Шығыстағы ең айтулы саяси оқиға болды. Бұл жайында islam.kz порталы Islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Геосаяси аспектіде маңызды мұндай қадамның астары туралы ресейлік сарапшы, дәлірегі, Араб және ислам зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Борис Долгов былайша түсіндіріп берді: Таяу шығыста екі елдің жақындасуына бірнеше фактор әсер еткен, солардың арасында екі негізгі себепті атап кеткен жөн: Иран қатері және Израилдің де, БАӘ-нің де батыс елдеріне бағыт ұстануы. Дәлірегі, екі елдің жақындасуына ең алдымен ортақ геосаяси мүдде негіз болып отыр. Яғни, кезінде Палестина мәселесі бойынша араб әлемінің қас-қабағын бағып келген БАӘ билігінің Израилмен жақындасуы тек Иранның ғана емес, сонымен қатар, бірқатар араб елдерінің де наразылығын тудырды. Ғылыми әрі технологиялық әлеуеті жоғары батыс елдерімен жақындасу үшін алдымен Израилмен қарым-қатынасын жолға қоюы тиіс, бұл саяси жүрістер аталған араб елінің экономикалық әртараптандыру реформасын жандандырып, өзге де салалар (туризм, қаржы, технология, денсаулық, білім беру, т.б.) бойынша дамуына жол ашады. Бұдан бөлек, БАӘ Қытаймен дәл батыс елдерімен жақындасқандай қарым-қатынас орната алмайды, тіпті, географиялық ендігі жағынан батыс елдерімен қатынас орнатқан қолайлы. Бұдан бөлек, Қытай Иранмен стратегиялық әріптестік орнатқан ел. Қытай Шыңжаң, Тайуан, т.б. мәселелерде, Иран ядролық бағдарламасына байланысты батыспен қырбай болғандықтан БАӘ үшін батыс елдерімен жақындасудың осындай себептері бар.

0 пікір
Мұрағат