Араб елі азаматтық алғысы келетін шетелдік тұлғалар категориясын бекітті
Араб елі азаматтық алғысы келетін шетелдік тұлғалар категориясын бекітті
4 жыл бұрын 2908 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінің билігі азаматтық алғысы келетін шетелдік тұлғалардың қандай топтарына осындай құқық берілетінін анықтайтын заңнамаға түзету енгізді. Бұл жайында islam.kz порталы аталған елдің WAM ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған заңға енгізілген түзетуге сәйкес осы елдің дамуына үлес қоса алатын инвесторларға, білікті мамандарға, соның ішінде, ғалымдарға, инженерлерге, шығармашылық өкілдеріне артықшылық беріледі. Десе де азаматтық алуға тілек білдіргендердің өтінішін үкімет пен атқарушы биліктің жергілікті басқармасы қарастырып, тиісті шешім шығарады. Аталмыш заңда осы уақытқа дейін азаматтық алған шетелдіктер азаматтықтан шығарылмайды. Сонымен аталған заң талаптары бойынша азаматтық нақты кімдерге беріледі? Шарттары:

-         инвесторлар аталған араб елінде жылжымайтын мүлікке, сондай-ақ, БАӘ экономика министрлігі немесе өзге де халықаралық беделді органдар мақұлдаған бір немесе немесе бірнеше патентке ие болуы тиіс. Бұлардан бөлек, БАӘ экономика министрлігінің ұсынушы хатына ие болуы керек;

-         дәрігерлер мен инженерлер, сондай-ақ, азаматтық алу құқы бар өзге де мамандық иелері өзгеше ғылыми салаларда жұмыс істей алуы тиіс, өз кәсібі бойынша кем дегенде 10 жылдық еңбек өтілі болуы керек және қандай да бір бір беделді ұйымға мүше болуы тиыс;

-         ғалымдар оғарғы оқу қабырғасында немесе ғылыми орталықта я болмаса жекменшік секторда қандай да бір өзекті мәселелер бойынша зерттеу жұмыстарымен айналысуы тиіс, өз саласы бойынша кем дегенде 10 жылдық тәжірибесі болуы тиіс, сонымен қатар, ғылым саласындағы қандай да бір жетістігі үшін немесе елеулі үлес қосқаны үшін қандай да бір марапатқа ие болуы тиіс. Осы елдің азаматтығын алғысы келетін ғалымдар да БАӘ ғылыми мекемесінде мойындалғанын білдіретін ұсынушы хатқа ие болуы керек;

-         шығармашылық адамдары да мәдениет пен өнер саласының майталманы әрі қандай да бір халықаралық марапатқа ие болуы тиіс. Бұдан бөлек, өз саласы бойынша аталған елдің мемлекеттік мекемесінің ұсынушы хатына ие болуы тиіс.

Біріккен Ұлттар Ұйымы аталған араб елінің азаматтық беру шарттарын саралай келе БАӘ-ні әлемдегі азаматтық берудің өзіндік тәртібі мен ережесі қалыптасқан ел ретінде бағалап отыр. 

0 пікір
Мұрағат