Араб елі әлемде алғашқы болып жұмыс күнін қысқартты
Араб елі әлемде алғашқы болып жұмыс күнін қысқартты
3 жыл бұрын 1930 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігі жұмыс аптасының кестесін өзгертті – сенбі мен жексенбі демалыс күндері, ал жұма күнінің жартысы жұмыс уақытына кіреді. Осылайша аталған араб елі әлемде алғашқы болып ресми түрде 4,5 апталық жұмыс күнін бекітті. Бұл жайында islam.kz порталы bbc.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша оңтайлы жұмыс кестесі арқылы іскерлік байланысын кеңейтіп, трансұлттық корпорацияларға қатысты мүмкіндіктерін ұлғайта алады. БАӘ жаңа жұмыс кестесіне 2022 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап көшеді. Бұл өзгеріс мемлекеттік мекемелерге ғана қатысты, ал жекеменшік сектор бұл тарапта қалауына қарай дербес саясат ұстанады. Өзге Парсы шығанағы елдерінде демалыс күндері жұма мен сенбі күндеріне немесе бейсенбі мен жұма күндеріне сай келеді, олай болатын себебі, жұма қасиетті күн болғандықтан бұл күні демалады. Ал жаңа жұмыс кестесіне сәйкес БАӘ-де жұма жартылай жұмыс күні болып бекітілген: 12:00-де қызметкерлер жұмыстан шығып, жұмаға қатысады, сода соң дүйсенбіге дейін демалады. Сөз орайы келгенде айта кетейік, аптасына төрт күндік жұмыс кестесі туралы бастама, әсіресе, жұқпалы індетке байланысты шектеу шаралары енгізіліп, қашықтан жұмыс істеуге көшкен әлемнің көптеген елінде көтеріліп жатыр. Ол ол ма, бұл тарапта арнайы тәжірибе жүргізіліп көрген болатын: өткен жылы жаңа зеландиялық бір компания 4 күндік жұмыс кестесіне көшкен болатын. Нәтижесінде қызметкерлердің еңбек өнімділігі артқан, дәлірегі, компанияның табысы артқан, ең бастысы, қызметкерлер психологиялық жай-күйі жақсарған. Бұдан бөлек, аптасына 4 күндік жұмыс кестесі жаһандық жылынумен күреске де септігін тигізген – британиялық Autonomy талдау орталығының мамандары анықтағандай, 2012-2016 жылдар аралығында Швеция мен Германиядағы парникті газдың бөліну деңгейін сараптаған. Жұмыс кезінде кәсіпорындар көмірқышқыл газын молынан бөлетінін түсінікті, ал демалыс күндері мейлінше азайған. Бұдан бөлек, адамдар ұмысқа бару және қайта уақытында автокөліктеріне бөлінетін парникті газдың мөлшері де күрт азайған. 

0 пікір
Мұрағат