Араб елі адам танығысыз болып өзгереді (фото)
Араб елі адам танығысыз болып өзгереді (фото)
4 жыл бұрын 10882 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлбетте, араб елдері дегенде көз алдымызға мұнай шикізаты мен жал-жал шағыл құм басқан өлке келеді. Сондай-ақ, орта ғасырдан бері көп өзгере қоймаған тұрмыс-тіршілігін күйттеген жергілікті халықты елестетуіңіз мүмкін. Болды – бұдан ары... ары кетсе, көк тіреген зәулім ғимараттарды ойыңызға алуыңыз мүмкін. Десе де күллі араб елдері арасында ғарышқа тұңғыш рет түрен салған, «ақылды» қалалар жобасын қолға алған, араб елдері арасында атом электр стансасын тұңғыш рет іске қосқан Біріккен Араб Әмірлігінің батыл бастамаларымен, аспандағы айға қол созған амбициясымен алысқа құлаш сермеген әрекеті кім-кімді де бей-жай қалдырмасы анық. Біріккен Араб Әмірлігі араб елдері арасында инновациялық бастамалары бойынша көш басынан көзге түсіп отыр. Аталған араб елі тек жоғарыда айтылған ауқымды жобаларымен танылып қоймай, сонымен қатар, күллі ел аумағын болмаса да едәуір бөлігін жасыл желекке айналдыруды алдына мақсат етіп қойды. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзінің арнайы материалын назарларыңызға ұсынамыз. Өткен ғасырдың 70-ші жылдары мұнай өндіруді бастаған елге табыс табу үшін әлемнің әр  түкпірінен түрлі елдің азаматтары ағылып келе бастады. БАӘ шөлде орналасқандықтан азық-түлік сырттан тасуға мәжбүр. Яғни, азық-түлік импортына тәуелді. Алайда, пандемияға байланысты шекаралар жабылып, алыс-беріс пен барыс-келіс сап тиылды. Осыған байланысты БАӘ азық-түлік қауіпсізідігі стратегиясын әзірлеп, осы заманғы жоғары технологияның көмегімен ауыл шаруашылығын жүргізуге қатысты кешенді шаралар қабылдады. Мәселен, Al-Badia Market фермасындағы (директоры Базел Жаммал) көп қабатты жылыжайда жеміс-жидек пен көкөніс өсіріледі. Жарық пен суару жүйесі қатаң бақыланады және пайдаланылған судың 90%-ы өңдеуден өтеді. Аталмыш ферманың өзі компьютермен басқарылады. Ауыл шаруашылығын заманауи технологияның көмегімен жүргізудің бір артықшылығы – су мен энергияны мейлінше үнемдеуге мүмкіндік беріп қоймай, жауын мен боран, құрғақшылық,  т.б. секілді сыртқы факторлардың қатерін жоққа шығарады. Әбділатып әл-Банна есімді тағы бір жергілікті фермер де инновациялық тәсілмен ананас өсіріп отыр. Дәлірегі, жылыжайда топырақты пайдаланбай өсіреді. Өнімін интернет платформасы арқылы сатады. Дубай қаласының маңында желдеткіш орнатылған сарайда сиыр бағатын фермер жергілікті нарықты сүт және сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Бұдан бөлек, сенесіз бе, аталған фермада тек суық жақты мекендейтін норвегиялық бұғы өсірілуде. Мұндай фермалар жекеменшіктің қолында болғанымен олар ел билігімен өзара ынтымақтастық орнатқан. Ішкі ауыл шаруашылық өнімдер өндірісін 2021 жылға дейін 15%-ға дейін жеткізуді көздеп отыр. Осы заманғы технологияның көмегімен.

Al-Badia

Абделлатиф аль-Банна со своим урожаем

0 пікір
Мұрағат