Анализ үшін үлкен дәретіңіздің орнын алмастыратын капсуланы пайдаланатын күнге алыс қалған жоқ
Анализ үшін үлкен дәретіңіздің орнын алмастыратын капсуланы пайдаланатын күнге алыс қалған жоқ
4 жыл бұрын 3411 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Асқазан-ішек жолдарындағы бактериялар адамның денсаулығына қатысты көптеген ақпарат бере алады. Таяуда жасалған арнайы капсула асқазан-ішек жолдарындағы бактерияларды жинап, дәрігерлердің қолын ұзартатын болды. Әдетте адамның ас қорыту жүйесінде қандай бактериялар барына көз жеткізу үшін дәрігерлер адамның үлкен дәретін тексеріп, анализ жасайды. Десе де оның өз кем-кетігі толып жатыр: микробтар ішектен бе, әлде асқазаннан ба немесе тоқ ішектен шықта ма, осы жағын анықтай алмай жатады. Міне, жаңа капсула бұл олқылықтың орнын толтыратын болады. Индианадағы Пердью университетінде жасалған мұндай капсула негізінен полимерлік қабықшадағы сіңіруші гидрогелден тұрады. Аталмыш капсула қабығының химиялық құрамы асқазан-ішек жолының белгілі бір бөлігіне әсер етуі барысында (ph ортасы бойынша таниды) капсула қабықшасы ериді. Осыдан кейін гидрогел бактерияны қамтыған ас қорытушы сұйықтықты өзіне тартады. Гел бұл аралықта капсула ішіндегі поршен тетігіне қысым түсіріп ұлғаятын болады. Ал поршен ақырында қақпақшасы бар саңылауды жауып тастайды. Содан соң капсула үлкен дәретпен бірге сыртқа шығады. Анализ үшін ондағы гелді шығарып, бактерияларды зерделеу арқылы адамның қандай дертке шалдыққанын анықтауға болады. Капсула бір-ақ рет пайдаланылады. Бұл жайында осы бағытта арнайы зерттеу жұмыстарына жетекшілік еткен Рахим Рахими мәлім етті.

0 пікір
Мұрағат