Жалғызілікті адамдар жалғызсырамайтын болды... (видео)
Жалғызілікті адамдар жалғызсырамайтын болды... (видео)
4 жыл бұрын 3711 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Пандемияға байланысты енгізілген карантин мен әлеуметтік оқшаулану адамдардың тілдесуіне барынша жағдай жасайтын экзотикалық технологияның пайда болуына түрткі болды. Аталмыш технология, әсіресе, жалғызілікті адамдардың қолайына жағуы тиіс: адамдар видеочат арқылы тілдесуден жалықса, Лос-Анджелестік PORTL Inc стартапының өзгеше құрылғысын пайдаланып, сұхбаттаса алады. Үйге арналған голографиялық кабина нақты уақыт режимінде табиғи пішіні мен көлеміндегі голограмдық сұхбат құрушымен уақыт оздыра алады. Бұдан бөлек, жаңа аппарат әйгілі тұлғалардың немесе әлдеқашан сүйегі қурап қалған о дүниелік туыстарының таспаға тартылып қалған голографиялық кескін-келбетін қарауына мүмкіндік береді. PORTL құрылғысы сырттай телефон будкасына (2,1 x 1,5 x 0,6 метр) ұқсайды. PORTL Inc директоры Дэвид Нуссбаумның айтуынша, кез келген пайдаланушы ақ фон мен фотоаппаратты пайдалана отырып, «голопортацияланып», досының алдында табиғи пішінде голограмм түрінде көріне алады. Десе де бұл құрылғыны сатып алуға тек дәулеттілердің ғана шамасы келеді – 60 мың доллар. Алайда, алдағы 3-5 жыл ішінде едәуір арзандауы мүмкін.

                                                             

0 пікір
Мұрағат