Араб әлеміндегі екі жетекші елдің арасындағы салқындық ұлғайып келеді
Араб әлеміндегі екі жетекші елдің арасындағы салқындық ұлғайып келеді
3 жыл бұрын 4130 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті, Фотда: БАӘ энергетика министрі Сухейл әл Мазруи мен Саудия энергетика министрі Әбдіәзіз бин Салман

Саудия мен Біріккен Араб Әмірлігі Таяу Шығыстағы жетекші елдер қатарында әрі одақтас елдер саналады. Бұл жайында islam.kz порталы islamnews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2017 жылы Мұхаммед бен Салман Саудияның тақ мұрагері болып тағайындалғаннан кейін екі ел Йемендегі, Ливандағы әне Сириядағы әскери жорықтағы әрекеттерін өзара үйлестіріп, бірігіп әрекетті етті. Тіпті, бас кезінде Катар мәселесінде де екі елдің бір-бірінен алшақ кеткен жері жоқ, аталған шағын араб елін 4 жыл қатарынан блокадада қалдыруда екі елдің ықпалы жоғары болды. Алайда, соңғы жылдары экономикалық мүдде мен өзге мәселелер бойынша екі елдің арасында келіспеушілік пен түсінбеушілік оларды бір-бірімен бақталас, бәсекелес елдерге айналдыруда. Соның ішінде, 2021 жылы Саудия билігі Катармен татуласуға ден қойса (аймақтағы бәсекелесі Иранен арадағы текетіресті рттеу үшін Шиғалар елімен достық қатынаста қалған жалғыз ел – Катардың арағайындығына жүгіну үшін) БАӘ бұрынғы ұстанымын өзгерткен жоқ. Есесіне, БАӘ Иранмен арадағы қатердің бетін қайтару үшін Израилмен мәмілеге келді. Бұдан бөлек, аталған екі араб елі де мұнай шикізатын өндіруде жетекші елдер болғандықтан бұл тарапта олар одақтастан гөрі бәсекелес елдер болып саналады. ОПЕК мұнай өндірісін ұлғайтуға қарсы. Арадағы келіссіздер нәтиже берген жоқ. БАӘ мұнай өндірісін квотаны арттырмай, келесі жылдың соңына дейін азайту туралы келісімді созуға келіспей отыр. Яғни, Саудия ұстанымына қарсы позицияны қолдайды. БАӘ энергетика министрі Сухейл әл Мазруи осындай мәлімдеме жасағанымен оның саудиялық әріптесі Әбдіәзіз бин Салман 34 жыл бойы ОПЕК мәжілісінде мұндай талап бірінші рет қойылып отырғанын мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат