|
АҚШ-тың атмосфераға бөлген парникті газы әлемнің өзге елдеріне 2 трлн доллар шамасында шығын келтірген
|
1990-2014 жылдар аралығындағы АҚШ-тың атмосфераға бөлген парникті газынан әлемнің өзге елдеріне 1,9 трлн доллардан аса шығын келген. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Дармут колледжінің зерттеу нәтижесіне жөн сілтеген The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, бір ғана АҚШ-та атмосфераға бөлінген парникті газдың салдарынан (құрғақшылық пен аптап ыстықтан астықтың болмауы) негізінен дамушы елдер зардап шеккен. Келтірілген шығын бойынша АҚШ Қытайды, Ресейді, Үндістанды және Бразилияны басып озды. Қоршаған ортаны ластаушы бес ел бірігіп 6 триллион доллар зиян келтірді – бұл көрсеткіш бір жылдағы әлемдік жалпы ішкі өнімнің 11%-на тең.

Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Paidax Қазақстандағы алғашқы исламдық долларлық жинақ шотын іске қосты
■
Елге кіргізілетін діни маңызы бар заттар үшін қосымша құн салығын алып тастауы мүмкін
■
Ауа температурасы Целсия бойынша 38 градустан асқанда жұмысты бірден тоқтату туралы шешім қабылдануы мүмкін
■
Азиялық шағын мемлекет демографиялық дивиденд алу үшін аз жылда 6,5 млн жұмыс орнын ашуы тиіс