АҚШ пен Ұлыбритания Қытайға қарсы алып жобаға триллиондаған доллар қаражат бөлмекші
|
НАТО елдері Қытайға қарсы шұғыл әрекетке көшіп жатыр. Бұл жайында adyrna.kz ақпарат көзі сарапшы Бекболат Қаржанға сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
Әлемде геосаяси тартыс басталып кетті. АҚШ пен Ұлыбритания Қытайға қарсы алып жобаға триллиондаған доллар қаражат бөлмекші.
АҚШ пен Ұлыбритания Қытайға қарсы жойқын конфронтациялық қадамға көшті. Бұл әдеттегі геосаяси қақтығыс пен Пекинге қарсы бағытталған саяси-экономикалық, ақпараттық-технологиялық қысыммен іске асатын процесс. Дәл осы жоба Дональд Трамптың кезінде жүзеге асуы керек болатын. Бірақ, Трамп босбелбеулік танытып, кейінге қалдыра берген. Капитолий Конгресі де сол үшін Трампты айыптаған. Дәл қазір АҚШ-та Трампқа қарсы сот жүріп жатыр.
Брюссельде трансатлантикалық блоктың елдері де АҚШ-пен Ұлыбританияның бұл қадамын қолдап, Аспанасты елінің экономикалық қарқынына қарсы тұратын құрлықаралық жобаны іске асыруды қолдап шықты. АҚШ бастаған НАТО елдері осылай жаңа қадамға барғалы отыр.
Бұл жоба Қытай экономикасына қарсы саяси-экономикалық, ақпараттық-технологиялық майданда бәсекелес болғалы тұр. Қытай қазір өзінің ықпалына Орта Азия мен Африканың, Еуропаның бірнеше елдерін кіргізіп алды. Қытайға қарсы алып жобада Батыс елдері жеңіске жететініне сенімді. Ең алдымен 5G ақпараттық-технологиялық құрылғыларына санкция арқылы соққы тигелі тұр. Мұның ішінді тұтас жасанды интеллекті технологиялары жатыр.
Халықаралық эксперттер мұны Қытай инвестициясын "нөлдік" шкалаға құлату үшін, ЕО-ның өндірістік-логистикалық әлеуетін жақсарту үшін АҚШ өзіне приоритет санап, іске асырғалы отыр деп айтуда. Қазір Еуропа елдерінің нарығында Қытайдың "Мотор Сич", COSCO сияқты алып өндірістік орындары бар. Осы өндіріс орындарын Еуропа нарығынан ығыстыру мақсатында жақын арада АҚШ, Қанада, Ұлыбритания, Еуроодақ елдерінің Қытайға қарсы экономикалық санкциясы жарияланбақшы.
Жақында ғана Қытай ЕО елдеріне қарсы санкция жариялаған болатын, соған қарсы НАТО елдерінің де Қытайға қарсы жауабы жойқын болмақ. Әлемде геосаяси тартыстар басталып кетті. Қазір басты нысанада Ресей мен Қытай тұр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Көлемі күріштің дәніндей құрбақа табылды
■
Жасанды зерде мен технологияға ақшаны аямай құйған негізгі алты араб елі
■
Таяу шығыста энергия теңгерімі оң көрсеткішке ие алғашқы мешіт ашылды
■
Жыныс ауыстыру отасына рұқсат етілетін елдердің азаматтарына бала асырап алуға тыйым салатын заң қабылданды
■
Padrone Primera сақинасы кез келген үстелді сенсорлық алаңға (пернетақтаға) айналдырады (видео)