АҚШ Ирактан әскерін шығара бастады...
АҚШ Ирактан әскерін шығара бастады...
3 жыл бұрын 1439 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Ali Muhammed / Anadolu Agency / Getty Images

Америкалықтардың Ирактағы әскери жорығының ең басты жетістігі ретінде АҚШ пен оның одақтастарының Таяу шығыстағы мүддесіне қарсы Саддам Хұсейннің режимін құлатқаны аталып жүр. Сарапшылар мен саясаткерлер тарапынан. Алайда, осыдан кейін елдегі ахуалды бақылауда ұстауда америкалықтар сәтсіздіктен көз ашпай келеді. Бұл жайында Ресей ғылым академиясының шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері Константин Труевцев lenta.ru ақпарат көзіне берген сұхбатында айтып берді. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ресейлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шығыстанушының сөзіне қарағанда, АҚШ билігі Иракта өз мүддесіне қарсы келмейтін әрі аймақтағы содырлар идеологиясына қарсы тұра алатын Ирактың қарулы күштерін қалыптастыра алмады. Бұған ең алдымен ирактық маман әскерилердің кезінде Саддам Хұсейн қоластында болғаны үшін репрессияға ұшырағаны себеп болған – олардың тәжірибесі мен біліктілігін өз мүддесіне пайдалану орнына саяси қуғын-сүргінге ұшыратты, есесіне ирактық әскерилер Сирия мен Шам жерінде сойқан салған содырлардың қатарын толықтыруға мәжбүр болды. Екінші дүниеүзілік соғыстан кейін Жапония, Корея секілді елдерді күшпен қаратып, бүгінде дамыған елге айналдырған АҚШ-тың Вьетнам, Лаос, Ауғанстан, Ирак секілді елдерде жеңіліске ұшырауының астарында осындай стратегиялық қателік жатқанын алға тартып отыр. Ирактан америкалық контингенттің шығарылуы Иранмен текетіресте парсылардың пайдасына шешіліп отыр: Иранның шиғалар жайлаған Ирактағы ықпалын тежей алмады. Оның үстіне, ең басты стратегиялық қателік – Иранның бетке ұстар көрнекті тұлғасы генерал Қасым Сүлейменнің қастандықпен өлтірілуі Ирактағы халық толқуына алып келді. Міне, осы факторлардың барлығы жиылып келіп, АҚШ-ты ақыры «жерге алып ұрды» - десе де АҚШ үшін бұл жеңілістің өзінің қауіпсіздігіне төндірер қатері мен маңыздылығы шамалы.

0 пікір
Мұрағат