|
АҚШ алғаш рет ұшқышсыз ұшатын YFQ-44A жойғыш ұшағын көрсетті (видео)
|
Америка құрама штаттарының әскери әуе күштері ұшқышсыз ұшатын YFQ-44A жойғыш ұшағын жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы naked-science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Озық технологиялы жобаны Anduril қорғаныс компаниясы Collaborative Combat Aircraft («Ұшқышсыз ұшатын әскери аппарат») бағдарламасы бойынша құрастырды. Ұшұышсыз ұшатын жойғыш ұшақтың алғашқы сынағы биыл басталады. Жаңа жойғыш ұшақ басқарушылармен (операторлармен) байланысты, сондай-ақ ұрыс жағдайында автономды түрде, яғни, дербес, өз бетінше жұмыс істеуге, соның ішінде соққы жасауға және барлау жүргізуге қабілетті көп функционалды ұшқышсыз платформа ретінде жобаланған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)