Дыбыстан жылдам, ұшқышсыз ұшу аппараты сынақтан өтті
|

Америка құрама штаттары Talon-A деп аталатын, дыбыстан жылдам ұшу аппаратының екінші сынағын сәтті өткізді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Пентагонның баспасөз қызметіне жөн сілтеген hi-tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Негізі екінші сынағы наурыз айында өткен екен, алайда, бұл туралы ақпарат мамырдың басында жарияланды. Ресми мәлімдемеге сәйкес, аппарат Roc тасымалдаушы ұшақтарынан ұшырылған. Ол Тынық мұхиттың үстінен ұшып өтіп, Mach 5-тен (сағатына 6100 шақырымнан жоғары) асатын жылдамдықпен ұшқан. Кейін құрылғы Калифорниядағы Ванденберг базасына қонды. Бұрын бірде-бір толық автономды құрылғы, яғни, дербес ұша алатын аппараттар мұндай жоғары жылдамдыққа жетіп, қандай да бір салдары болмай қайта оралған емес. Бұл – уақытты бағындыру бағытындағы үлкен жетістік! Talon-A аппаратын Stratolaunch компаниясы құрастырды. Аталмыш компания басшысы Зәкәрия Кревор сынақ нәтижелі болғанымен ұшу мәліметтеріне қатысты талдау-сараптау жұмыстары толық біткен жоқ, дегенмен, бақылау көрсеткіштеріндегі қателік 1%-дан аспаған. Talon-A аппараты құрамтырылып жатқан дыбыстан жылдам қару жүйелерін жеткізу, қозғалтқыштарды, датчиктерді, байланыс құралдарын сынау үшін пайдаланылады. Инженерлер қазіргі уақытта оның ұшу қашықтығы мен жылдамдығын және маневр жасау қабілетін арттыру бағытында жұмыс істеп жатыр.




