Жүре алатын әрі ұша алатын трансформер робот жасалды (видео)
Жүре алатын әрі ұша алатын трансформер робот жасалды (видео)
5 күн бұрын 820 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Инженерлер салмағы бар-жоғы 25 грамм ғана тартатын, соған қарамастан пішінін ұдайы өзгертіп, түрлендіре алатын және қалаған кезіңізде (нақты уақыт аралығында) қажетті конфигурацияда «қатып» қалатын ерекше робот жасады. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Айрықша роботтың құрылымы (дизайны) арнайы, жұқа, пленкалы сымға негізделген. Бұл арада қажетті (қалаған) пішінге еніп, қатып қалатын икемді де жұқа пленка турасында сөз болып отыр. Мұндай икемділікке қол жеткізу үшін ғалымдар алдымен центрифугалау арқылы кремний ваферіне силикон қабатын қолданды, содан кейін полимидті пленканы субстратқа ауыстырып, электрон сәулесінің булану процесі мен фотолитографияны пайдалана отырып, мыстың жұқа қабатын қосты, содан кейін оны лазерлік кесу көмегімен қалаған пішінге қалыптастырды. Роботтың мұндай қабілеті түрлі тапсырманы орындауға әрі кедергілерді еңсреуге көмектеседі. Мұндай актуарийді LEGO құрылыс принциптерін пайдаланатын модулдік конструкциямен біріктіре отырып, инженерлер жерде қозғалу және ұшу үшін пішінін өзгерте алатын ең кішкентай және жеңіл сымсыз микро-роботқа ие болды. Аспаптың көлемі небәрі - 9 см, ал салмағы - 25 г. Бұл тараптағы сынақ барысында робот түрлі қимыл-қозғалысқа бара алатынын көрсетті: жерде секундына 1,6 метр жылдамдықпен қозғала алады, бұдан бөлек, жүгіре, жүре, билей, секіре, өрмелей, ұша алады. Негізгі прототиптен басқа ғалымдар оннан астам қозғалмалы элементтерден тұратын, биіктігі 4,5 см және салмағы 0,8 г тартатын трансформаторлық актуатордың миниатюралық нұсқасын жасады. Технологияны қолданудың тағы бір мысалына «спорттық автокөлік», «қанатты автомокөлік» және «фургон» режимдерін өзгерте алатын әмбебап доңғалақты роботтарды жатқызуға болады. Зерттеушілердің айтуынша, құрылғыларды білім беруде , балаларға арналған интерактивті моделдер ретінде, биологиялық саланы зерттеуде, қол жетпейтін жерлерде жабдықтарды диагностикалауда және іздестіру-құтқару жұмыстарында пайдалануға болады.

 

0 пікір
Мұрағат