Апалы-сіңлілер мысықтар кафесімен таңқалдырды
Апалы-сіңлілер мысықтар кафесімен таңқалдырды
10 жыл бұрын 4692

Сауд Арабиясының тумасы болғанымен Біріккен Араб Әмірліктерінде тұратын апалы-сіңлілі екеу өзгеше бизнесімен, дәлірегі, мысық кафесімен таңқалдырды. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Бұл жерден кофе ішу үшін мысығыңызды өзіңізбен алып жүруіңізге тура келеді. Мұндай кафе алғаш рет Тайванда, содан кейін Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, артынша батыс елдерінде пайда болды. Десе де, араб елдеріне таңсық бизнес болғандықтан, Иман және Але бин Фарид есімді 23 және 24 жастағы апалы-сіңлілілердің осы кафені аштырудың қамымен құжаттарын рәсімдетіп жүргенде оларға жұрттың таңқала қарағанын жасыруға болмас. Олардың кафесі «Айлуромания» деп аталады. Апалы-сіңлілер бұл бизнесіті жүргізудің өз қиындықтары барын жасырмады: қайта-қайта мазалап, сауал қоюшы клиенттердің қарасы көп болып шыққан.

 

Қызтекелердің үйлену тойына қызмет көрсетуден бас тартқан дәмхана жабылды

АҚШ-тың Индиана штатындағы Memories Pizza дәмхана қожайыны қызтекелердің үйлену тойына қызмет көрсетуден бас тартқан болатын. Қызтекелер қастық қыла ма деген қауіппен ол дәмханасын жабуға мәжбүр болды. Бұл жайында Time ақпарат көзі хабар таратты. Memories Pizza-ның тағы бір қожайыны Кристалл О’Коннордың айтуынша, оның отбасы көшеге шығуға қорқады. Бұқаралық ақпарат құралдарында аталмыш дәмхананың қызтекелердің үйлену тойына қызмет көрсетуден бас тартқаны турасында хабар тарағаннан кейін Memories Pizza қожайындарына әлеуметтік желілерде кәрін төгіп, сөккендердің қарасы көп. Ол ол ма, ғаламторда www.memoriespizza.com сайты тіркелген: оның жалғыз парақшасында бас әріптермен Don’t discriminat («Кемсітушілікке жол берме!») айғайлатып жазып қойған. Memories Pizza қожайындарын қолдайтындар да қарап қалған жоқ: олар GoFundMe краудфаундигтік сервисінде дәмхана жабылғалы шығын көріп келе жатқан отбасына қаржылай қолдау көрсету науқанын бастап кетті. Осы уақытқа дейін олар 60 мың доллардан аса жылу жинап үлгерді. Айта кетейік, аталмыш дәмхана қожайындары үстіміздегі жылдың сәуір айының 1-і күні қызтекелердің үйлену тойына қызмет көрсетуден бас тартқан еді. Кристалл О’Коннор оларға өздері құрмет тұтатын құндылыққа сай келмейтін мұндай шараға қолғабыс етпейтінін қадап айтқан болатын. Өткен аптада Индиана штатында діни бостандықты қалпына келтіру туралы акт қабылданған болатын. Заңдық күші бар аталмыш құжат кәсіпкерге өздерінің діни сенімдеріне қайшы келетін қызмет көрсету түрлерінен бас тартуға мүмкіндік береді.

1 пікір
Мұрағат