Анайы сайттарға кіруге шектеу қойылады
|
Порнографиялық мазмұнды сайттар пайдаланушылардың жасын білу үшін несие карталары мен фотосурет идентификаторларын тексеруге көшуі мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Sky News ақпарат көзіне жөн сілтеген Zakon.kz сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта Ofcom реттеуші орган балаларды порнографиядан қорғау жөніндегі платформа нұсқаулығының жобасын әзірледі. Соның ішінде төлқұжат деректерін дәл сол уақытта (сайтқа кірер алдында) түсірілген фотосуретпен бірге жүктеу талабы да қарастырылған. Мобилді желілерде пайдаланушының жасын анықтауда бет-әлпеті мен жасының қаншалықты сәйкес келетінін тексеру технологиялары ұсынылады, егер оператор пайдаланушының 18 жасқа толмағанын білсе, мұндай сайттарды автоматты түрде бұғаттайды. Сондай-ақ, интернет пайдаланушылары цифрлы жеке куәлік әмияндарына тіркеле алады, онда олардың жасын растайтын құжаттар электронды түрде сақталады және онлайн порно қызметіне берілуі мүмкін. Интернет қауіпсіздігі туралы заңға сәйкес жаңа ережені елемеген платформаларға айыппұл салынады.